№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жемқорлықсыз қоғамға қадам

Жемқорлықсыз қоғамға қадам


Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Дамыған мемлекеттердің заңнамалық тұжырымдамасында бұл ең үлкен таңба. Мемлекет қаржысын жымқырып, сыбайластықпен сырласқандар ұзақ жылға бас бостандығынан айырылады. Жаңа Қазақстанға қадам басқан біздің ел үшін де бұл мәселе өзекті. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір Жолдауында, Үндеулерінде осы бір дертке тосқауыл қоюды тапсырып келеді.

Бұл дертпен күрес жүргізбейтін бірде-бір мемлекет жоқ. Бірақ оның салдарынан гөрі сыбайластыққа жол беретін көріністерімен алдын ала күресу ең тиімді амал екендігі белгілі. Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке тосқауыл болып, ат салысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституиясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадірқасиетін құрметтеуге міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Осы мақсатта, біздің мекеме «Қазынашылық» басқармасында да жиындар жиі өтіп, түсіндірме жұмыстары жүргізілу дағдысы қалыптасқан. Теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар атқарылуда. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Қорыта келгенде сыбайлас жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастықтың алдында елдің беделін түсіреді, тиімді шетел инвестицияларын тарту жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді. сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
Сондықтан жемқорлықсыз қоғамға қадам басатын уақыт келген секілді...

Сара ИСМАИЛОВА
11 маусым 2022 ж. 748 0