Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 57

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Спартакиада қорытындыланды

Спартакиада қорытындыланды


Қызылорда медициналық жоғары колледжінің спорт алаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының ардагерлері Дина Абпазова мен Әлайдар Әбдуаитұлының 80 жылдық мерейтойларына арналған, Қызылорда облысының медицина қызметкерлерінің 54-ші спартакиадасы қорытындыланды.

Салтанатты шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов, сала ардагерлері мен емдеу ұйымдарының басшылары қатысты.

Атаулы спартакиада ойындары спорттың 8 түрінен ұйымдастырылып, облыстық медицина ұйымдарынан барлығы 23 спорттық командасы қатысты.

Мамырдың 16-нан басталып, маусымның 8-і аралығында өткен спартакиаданың соңғы күні тоғызқұмалақ ойынымен өз мәресіне жетті.
23 күнге созылған спорттық жарыста дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері білектің күшімен, спорттық шеберліктерінің арқасында бір-бірлеріне қызықты ойын үрдістерін көрсете алды.

Қорытынды шарада облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы арнайы құттықтау сөз сөйлеп, дәстүрлі спартакиада денсаулық сақтау саласында тек өз ісінің кәсіби мамандары ғана емес, салауатты өмір салтын берік ұстанатын, спорттық додада жоғары шеберлік ойындарын көрсете алатын спортшылар бар екенін дәлелдей алғанын атап өтті.

Барлық команда мүшелеріне облыстық денсаулық сақтау басқармасының атаулы дипломдары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

«СБ» ақпарат
09 маусым 2022 ж. 308 0