Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облыстық онкология орталығының бас дәрігері тағайындалды

Қызылорда облыстық онкология орталығының бас дәрігері тағайындалды


Бүгіннен бастап Мырзағалиева Нұржамал Жұмағалиқызы Қызылорда облыстық онкология орталығының бас дәрігері қызметіне тағайындалды.


Нұржамал Жұмағалиқызы 1968 жылы 7 сәуірде Қызылорда облысында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Жоғары білімді. 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын, 1993 жылы Қызылорда қалалық ауруханасында дәрігер-интертич болып бастаған.

04.01.1994-03.10.1994 жылдары Қызылорда қалалық №2 емханада аймақтық дәрігер;


03.10.1994-16.03.1998 жылдары қалалық №2 емханада алдын алу бөлімінің меңгерушісі;
16.03.1998-25.05.1999 жылдары Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасында бас маман;

25.05.1999-15.04.2002 жылдары Қызылорда қалалық №4 емхана бас дәрігерінің емдеу алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары;

15.04.2002-20.02.2003 жылдары «Денсаулық» РМҚК Қызылорда облыстық филиалында дәрігер эксперт;

20.02.2003-15.06.2005 жылдары «Денсаулық» РМҚК Қызылорда облыстық филиалында бөлім басшысы;

20.02.2003-15.03.2014 жылдары Қызылорда қалалық №2 емхана бас дәрігерінің емдеу алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары;

16.03.2014-11.06.2014 жылдары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінде сарапшы;

11.06.2014-25.12.2015 жылдары Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі әлеуметтік даму министрлігінде бас сарапшы;

25.12.2015-04.09.2017 жылдары Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу, алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары;

04.09.2017 жылдан күні бүгінге дейін Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметін абыроймен атқарып келді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
13 мамыр 2022 ж. 515 0