№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаз жайнатып, күн күлдіріп...

Жаз жайнатып, күн күлдіріп...

  Инвестиция – жастарға. Бұл – бүгінгі күннің басты ұраны. Яғни, өркениет көшінде өрлеудің жалғыз жолы – жастардың білімді, тәлімді болып қалыптасуына жан-жақты жағдай жасауда. Тіпті, олардың дұрыс тынығып, уақытты сапалы өткізуіне де мән берген дұрыс. Жаз келді. Демалыс уақыты. Бірақ, жасөспірімдердің зейініне пайдалы ақпараттарды сіңіру тоқтамау керек. Осы ретте, тынығу лагерьлері көмекке келеді. Кеше «Тау самалы» лагері алғашқы демалушыларын қабылдады.



Алдымен ауыл-ауылдан жиналған жасөспірімдер Мем­лекеттік әнұранды орындады. Сосын аға тәлімгер Дархан Ыдырысов рапорт беріп, тынығу лагерінің туы көкке көтерілді.
Шарада сөз алған Шалқия кентінің әкімі Әбдімәулен Сабырханов пен №164 мектептің директоры Жанболат Ахметжанов сапалы білім алу жақсы демалудан басталатынын айтып, уақытты тиімді өткізуде тәлімгерлердің бағыт-бағдарын мұқият орындауды ескертті.
Сыр өңіріне белгілі өнерпаз Есқара Бейбіт дарынды оқушылардың концерттік бағдар­лама­сын тізгіндеді. Олардың бірі өлең оқыса, екіншісі логикалық теңеулерден мықтылығын дәлелдеді.
Шараны қорытындылаған лагерь директоры Болат Шерімбетов балалардың жазғы демалысы сапалы өтуіне барлық жағдай жасайтынына сөз берді.
Аталмыш тынығу орны биыл міндетті оқу орнынан 65, ал, ата-аналар демеушілігімен 10 баланы қабылдайды. «Айгөлек», «Атамекен», «Достық», «Болашақ» атты топтарға бөлінген олар рухани-мәдени және спорттық шараларда белсенділігін көрсететін болады.
Лагердің күн тәртібінде ұйымдастырылатын «Білімділер мен таланттылар күні», «Тәрбиеші мен тынығушы», «Жастар жылына шеру», «Табиғат аясына саяхат», «Жас ақындар мүшай­расы», «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар», «Қызықты күндерден естелік» және т.б. шаралар келушілерге жарқын көңіл-күй сыйлары анық.
Айта кететіні, «Тау самалы» тынығу лагері 7 ауысымда 525 баланы қабылдайды.

***
Қаратау тауының бөктеріндегі тамаша орынның бірі – «Талдысу» лагері. Бесарық ауылдық округіндегі лагерь де есігін ашты.
Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы түрлі кескіндегі тарихи-мәдени ескерткіштерімен бай. Оқушылар алдымен лагермен танысты. Яғни, «Туған жер» және «Жастар жылы» деген көрмелер бойынша құнды ақпараттарға қанықты. Арты сахналанған қойылымға ұласты.
Әрбір баланың шығармашылық әлеуетін жетілдіріп, бойындағы қабілет-қарымын шың­дайтын орталықта 8 тәрбиеші мен 1 аға тәлімгер қызмет етеді.
– 2018-2019 жылы 1800-ден аса баланы қамтитын тынығу орталығы 1 маусым мен 21 тамыз аралығында балаларға қуаныш сыйлауға толығымен дайын. Алты ауысым бойынша қызмет көрсететін тынығу орталығы бірінші потокта 299 баланы қамтыды, – дейді жаңа басшы Елдос Жаңабаев.
Айта кететіні, лагер облыстағы үздік тыны­ғу орталығының бірі. Былтырғы жылдан бері заманауи жабдықтармен жабдықталған лагерьде ашық аспан астындағы жабық нысанға айналған бассейн мен бірге арнайы монша және спорт алаңқайы пайдалануға берілген.

Лаура АЙДАРХАН.

07 маусым 2019 ж. 1 325 0