» » Ардагер ұстаздар бірінші болып дауыс берді

Ардагер ұстаздар бірінші болып дауыс берді


Бүгін таңдау жасайтын уақыт. Әдеттегіше сайлау учаскелері жергілікті уақытпен сағат 07.00-де әнұранмен ашылды.

Кенттегі М.Көкенов атындағы мәдениет үйінде орналасқан №335 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып кент тұрғыны, ардагер ұстаз Зинабдин Шермағамбетов және зейнеткер Елеусіз Сейдеметов келді. Өз таңдауын алғаш болып жасағандардың қатарында ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілқайыр Әбілпаттаұлы Сыздықов, кент әкімінің орынбасары Serik Seidualiev, мектеп ұстаздары мен Пахырдинов көшесінің тұрғындары болды.
— Болашағымыз жарқын болсын десек, дұрыс таңдау жасауымыз керек. Бұл күн – маңызды күн. Алдағы уақытта барлығы әділ өтеді деген сенімдемін. Үміттіміз. Сол үмітіміз ақталсын, – деді Зинабдин ақсақал.

05 маусым 2022 ж. 135 0