№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сайлау – болашағыңды таңдау

Сайлау – болашағыңды таңдау


25 шілдеде Қазақстанның саяси жаңғыруының жаңа кезеңі басталды. Оны аудан тұрғындары саяси науқан – сайлауға белсенді қатысқанынан көруге болады. Иә, 13 ауылдық округтегі 17 сайлау учаскесінде адам қарасы қалың болды.


Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Сұлтан Ибрагимов:
– Жалпы ауылдық округ әкімінің сайлауына 46 кандидат тіркелді. Оның 22-ы саяси партиядан, 24-і өзін-өзі ұсынды. Бір сайлау округінде 2 кандидат, 5 сайлау округінде 3 кандидаттан, 4 сайлау округінде 4 кандидаттан, 2 сайлау округінде 5 кандидаттан және 1 сайлау округінде 6 кандидат әкім болуға үмітті, – деді.
Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүр­гізіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Соған сай халық таңдауын жасап, кандидатты қолдады. Сайлау учаскелерін аралағанымызда тұрғындардың ықылас-ниетінен осыны аңғардық.
Қожамберділік Сапар Оңдыбаев:
– Біздің ауыл шағын болғанымен, кемелдену жолына түсіп, әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешілуі тиіс. Ол үшін перспективалы азаматтар жол бастауы тиіс. Осы тұрғыда өз таңдауымды жасадым. Себебі, сайлау – болшағыңды таңдау деген сөз, – деп өз ойын білдірді.
Расында, халық жайлы да қауіпсіз, тыныш қоғамда өмір сүргісі келеді және оған толықтай құқылы. Енді өзі сайлаған әкімнен әлеуметтік мәселелерді шешуді талап етіп, қоғамдық белсенділігі арта түсетіні анық.
№304 сайлау учаскесінің төрағасы Құралай Орынбасарованың сөзінше, таңғы сағат 07.00-ден ауыл тұрғындары сайлау үйіне келіп, мемлекеттің бағыты мен болашағын анықтайтын жауапкершілігі мол науқанға белсенді қатысып, өз таңдауын жасады.
Енді сайлаудың нәтижесіне тоқта­латын болсақ, аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Баянбай Дос­панбетов сайлау өткен елді мекендердегі 11340 сайлаушының 8458-і дауыс бергенін айтты. Бұл – 74,59 пайызды құрайды.
Жаманбай батыр ауылдық округінде 1763 сайлаушы болса, соның 1071-і қатысып, оның 64 пайызы Әлібек Абдуллаевты «Nur Otan» партиясы қолдапты.
Келінтөбе ауылдық округінде 4 үміт­кер түсті. Ондағы 1863 сайлаушының 1021-і дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Сайлаудың нәтижесінде «Ауыл» пар­тиясынан сайлауға түскен Абылай Досжанов 452 дауыс жинады.
Қыраш ауылдық округі сайлау­шысы қолының 45 пайызын жинаған Бақытжан Әжібеков («ADAL» партиясынан түс­кен), кейдендіктердің 49 пайыз дауысын иемдеген Сырлыбек Кенжетай («Қазақстан Халық» партиясынан түс­кен) өтті.
Екпінді ауылдық округінен – Қайрат Қожамжаров, Көктөбеден – Боран Абуов, Қожакенттен – Елеусіз Жиенхожаев, Өзгенттен – Жанұзақ Мырзабаев, Байкен­жеден – Нұрғали Оспанов, Қосүйеңкіден – Әлімхан Ахтаев, Талаптан – Ербол Тақырбасов басым дауыс алды. Аталған кандидаттар «Nur Otan» партиясынан түскенін айту керек.
Ал, сайлауда өзін-өзі ұсынған манаптық Нұрбек Бексұлтановқа жергілікті 595 сайлаушының 64 пайызы дауыс берсе, «Ауыл» партиясынан сайлауға түскен қожамберділік Нұр­қасым Сейітқасымовты жергілікті 500 сайлаушының 97 пайызы қолдады.
Алдағы уақытта аудандық сайлау комиссиясы арнайы қаулы шығарып, ресми түрде жариялайды.
Бұл – аудандағы соңғы сайлау емес. Әлі де ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді. Одан кейін аудан әкімін сайлауға кезек келеді. Мұның бәрі сайланбалы әкімге халық аманатын сезіну керектігін меңзейді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
28 шілде 2021 ж. 554 0