№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балалар қатысатын іс-шаралар қауіпсіз болуы тиіс - Әлихан Смайылов

Балалар қатысатын іс-шаралар қауіпсіз болуы тиіс - Әлихан Смайылов


Балалар қатысатын кез келген іс-шараны ұйымдастыруда олардың қауіпсіздігіне кепілдік берлуі тиіс. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Балалардың білім алып, жан-жақты дамуына, демалысы мен медициналық қызмет алуына жағдай жасау – мемлекеттің маңызды міндеті. Біз жүздеген мектеп, бала-бақша мен мәдени және спорт нысандарын салып жатырмыз. Мұның барлығы балалардың толыққанды дамуы үшін қажет. Сондай-ақ Балалар жылы аясында биыл көптеген кешенді іс-шара жоспарланып отыр. Бүгін Алматыда Мемлекет басшысы Балалар жылының құрметіне шығармашылық, зияткерлік және спорттық байқаулардың жеңімпаздары мен лауреаттары 30 мың оқушының қатысуымен «Алматы БалаFEST» фестивалін ашады. Барлық өңірде балаларға арналған мерекелік іс-шаралар басталады», деді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайылов Балалар жылының барлық іс-шаралары нақты орындалуы тиістігін баса айтты.

«Балаларды қорғау күні қашан да жазғы сауықтыру науқанының бастамасы болған. Ол үшін Денсаулық сақтау министрлігі қолайлы жаз мезгілін барынша тиімді пайдаланып, кешенді шараларды қабылдау керек. Балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру кезінде көптеген маңызды және негізгі жайттарды ескеру қажет. Ең бастысы – көшеде, суда демалу кезінде, түрлі экскурсияларда балаларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет», деді ол.
Премьер-Министрдің атап өтуінше, балалар қатысатын кез келген іс-шараны ұйымдастыруда ең алдымен олардың қауіпсіздігіне кепілдік берілуі тиіс.

«Ішкі істер, Білім және Денсаулық сақтау министрліктері, өңір әкімдері тиісті қызметтердің жұмысын осыған жұмылдыруы керек. Сонымен бірге оқу орындарын қауіпсіздік жүйесімен жарақтандыру және жаңғырту жұмыстарын жандандыру қажет», деді Әлихан Смайылов.
01 маусым 2022 ж. 279 0