№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстанда 1 маусымнан бастап кімдердің жалақысы көтерілетіні белгілі болды

Қазақстанда 1 маусымнан бастап кімдердің жалақысы көтерілетіні белгілі болды

Қазақстанның премьер-министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің баспасөз конференциясында биылғы жылдың 1 маусымынан бастап кімдердің жалақысы көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы" газеті.

Өз сөзінде Смайылов таяуда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру мерзімін биылғы жылдың 1 шілдесінен 1 маусымға жылжыту туралы тапсырма бергенін атап өтті.
Қаржы министрінің сөзінше, осыған байланысты, аталған мақсатта қосымша 37,8 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр.
«Алушылар контингентінің аясы бұрынғыша, яғни 1,5 млн адам. Білім беру саласында - балабақша тәрбиешілері, олардың көмекшілері, колледж оқытушылары, мұғалімдер, әдіскерлер, психологтар және басқа да жұмысшылар. Денсаулық сақтау саласында - дәрігерлер, орта және кіші медициналық қызметкерлер, медбикелер, лаборанттар, санитарлар, жұмысшылар, жүргізушілер және басқалары. Әлеуметтік салада, мәдениет пен спортта, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда - азаматтық қызметшілер, әкімшілік және техникалық қызметкерлер, жұмысшылар, сонымен қатар орта және төмен буындағы облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер», - дейді министр.
Шығын көлемін өзгерту туралы ұсыныс мемлекет басшысының келісіміне жіберілген.
«Бұл 37,8 млрд теңгені құрайды және мемлекет басшысының келісіміне жіберілді. Содан кейін таяу күндері аталған сома 2019 жылға арналған нақтыланған бюджетте қабылдануы үшін Парламентке жіберіледі. Бюджет қазіргі уақытта Парламент қарауында жатыр», - дейді Әлихан Смайылов.
26 наурыз 2019 ж. 1 516 0