Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 049

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 079

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 894

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 393

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 601

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 591

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй салуға 100 млрд теңге бөлінеді

Көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй салуға 100 млрд теңге бөлінеді

  Көпбалалы отбасыларға жалға берілетін тұрғын үй салуға 100 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газеті  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
ÐÓ©Ð¿Ð±Ð°Ð»Ð°Ð»Ñ Ð¾ÑбаÑÑлаÑÒа аÑналÒан ÑÒ±ÑÒÑн үй ÑалÑÒа 100 млÑд Ñеңге бөлÑнедÑ
   Оның айтуынша, 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасында қаражатты 3 бағыт бойынша бөлу көзделеді.

  «Бірінші бағыт - жалпы сомасы 444,3 млрд теңгеге «Нұр Отан» партиясының съезінде Мемлекет басшысы айтқан «Әлеуметтік қамқорлық» әлеуметтік шараларын іске асыру. Осы қаражат аясында мыналар жоспарланып отыр: азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейту - 224,3 млрд теңге; аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу және Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жеңілдікті кредит беруді енгізу -100 млрд теңге; өңірлік инфрақұрылымды дамыту 90 млрд теңге; «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру 30 млрд теңге»,- деді министр.

  Министр  екінші бағытта «Жастар жылын» өткізу аясында іс-шараларды іске асыру 24,6 млрд  теңге бөлінетіндігін жеткізді. Үшінші бағытта Президенттің 2017 және 2018 жылдардағы Жолдауларында айтылған тапсырмаларын орындауға 286 млрд теңге жұмсалады.

  «Осы қаражат аясында Түркістан облысының және Астана қаласының кешенді даму жоспарларын іске асыру, Астана қаласында ғылыми-онкологиялық орталық салу, «Сарыарқа» газ құбырын салу, сондай-ақ ел қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты іс-шараларды іске асыру жоспарланып отыр. Елбасының барлық берген тапсырмалары қаржылай қамтамасыз етіледі», - деді Ә.Смайылов.

Е.Раймбек.
12 наурыз 2019 ж. 725 0