№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

№22 (8936) 28

28 наурыз 2026 ж.

№21 (8935) 22

22 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Мәжіліс депутаттары халықты референдумға қатысуға шақырды

Мәжіліс депутаттары халықты референдумға қатысуға шақырды


Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына барып, «Масло-Дел» ұжымымен кездесті. Онда депутаттар кәсіпорын қызметкерлеріне Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттар ұжым қызметкерлерін референдумға белсенді қатысуға және конституциялық өзгерістер үшін дауыс беруге шақырды.
«Соңғы 27 жыл ішінде Конституцияға төрт рет түзетулер енгізілді, бірақ оларды Парламент қабылдады. Енді азаматтар түзетулер үшін өздері дауыс береді», деді Дмитрий Колода.

Ал, депутат Ерлік Тайжановтың айтуынша, әрбір азамат алдағы саяси өзгерістерге өзінің қатысы бар екенін сезінуі тиіс.
Айта кету керек, Қазақстандағы тамақ өнімдерін өндіретін ірі компаниялардың бірі саналатын «Масло-Дел» ұжымында 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Жыл сайын мұнда 150 мың тоннадан астам өнім шығарылады.

Өз кезегінде, компания қызметкерлері конституциялық өзгерістерге дауыс беруге дайын екендіктерін айтты.
18 мамыр 2022 ж. 602 0