№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жайдарманшылар жарады

Жайдарманшылар жарады

       
«Әзіл адамның өмірін ұзартады» демекші, Кейден орта мектебінің 10-11 жасар қыздарынан құралған «Тәтті қыздар» атты жайдарман тобы Түркістан қаласында өткен өнер сайысына қатысып, екінші орынға ие болды.
Команда бұған дейін, Қызылорда қаласынан бас жүлдемен оралған болатын.
Бұл сайыс жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, азаматтық белсенділігі арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған өнер до­дасына Шымкент, Қызылорда қала­сынан 10-нан  аса команда қатысты.
Айдидар Нұрәділқызы, Ақниет Қырқымбай,  Ақмаржан Анарбай, Қарлығаш Нұрланқызынан құрылған жайдарман командасы әділ қазы­лардың жоғары бағасын алды. Бізге сүйінші сұрай келген клуб үйінің директоры Балмұхамед Әбжаппаров:
– Осы сайыста да көрермен көңілінен шығып, өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, екінші орын алдық. Жайдарманшы қыздар биыл он жастан енді асса да әзілге жаны жақын, айтқанды екі етпей орындайтын нағыз жайдарманшылар. Бізге қолдау көрсеткен №208 орта мектебінің директоры Айжан Шерубаеваға алғысымыз зор. Оқу­шыларға муыкалық жағынан дем берген Айдарбек Молдабектің есімін айрықша атауға болады. Бұл сайыста Алдағы уақытта тағы да жас жайдарманшылардың қатарын көбейтіп,  өнерлерін шыңдау және бұдан да үлкен жарыстарға барып, жүлделі оралу – басты мақсатымыз, – деді.
Жарасымды әзіл мен ұтымды сөз таба білуде көрермен көзайымына айналған команданың алдағы ойын­дарына сәттілік тілейміз.
14 сәуір 2021 ж. 534 0