№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Мерекелер тоғысы

Мерекелер тоғысы


Қасиетті рамазанның соңғы аптасында кешкі салқын самалмен орталық алаңда салтанатты шаралар өтіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй тарту етті. Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырумен өткен көңілді кештің басты мақсаты аудан халқына қуаныш сыйлау. 

                                 
Салтанатты шараның алғашқы күні балалар жылына арналып, «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» атты тақырыппен басталды. Ор­талық алаң төрінде шырайы келтіріліп құрылған сахнада өнер иелері мен балғын өнерпаздардың өнерлері көпшіліктің назарына ұсынылды.
– Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Оразадағы отыз игі іс» жобасы аясында төрт күндік концерт ұйымдастырдық. Жалпы бұл жобаның басын қайырымдылық шарамен бастап, ерекше балаларды тәрбиелейтін аудандағы екі тәрбие ошағында балалардың көңіл-күйін көтеру мақсатында ертегі қойдық. Бізге «Жаңарған Жаңақорған Жастары» қоғамдық бірлестігі демеушілік жасап, балаларға ойыншықтар үлестірді. Аудандық мәдениет үйі жастарымен бірлескен қайырымдылық шарасын Саяжайдағы балалар ошағына жасадық. Осы бастамамызды алаңға концерт қоюмен жалғастырып жатырмыз. Негізгі мақсатымыз халықтың көңілін сейілтіп, аудан тұрғындарына мереке көтеріп шуағын сезіндіру, – дейді аудандық мәдениет үйінің директоры Зульфия Шалабаева.
Салтанатты шараны Ажар Қабланова жетекшілік ететін Әлшекей өнер мектебінің мың бұралған биші қыздары ашып, «Қазақ» биін биледі. Одан әрі ауданға белгілі әнші Кенже Әкімбаева «Нұр-Рахман» балабақшасының тәрбиеленушісі Бибінұр Жалғас­бекқызымен бірге Данияр Са­ғынтаевтың «Ана мен бала» әнін әуезіне келтіре орындады. Балалар триосы Шымберген Сүлейменовтың «Сыр елім» әнін шырқаса, Әлшкекй өнер мектебіндегі вокал сыныбының ұстазы Құралай Әлиева мен Айзат Шанияр, Нұрсәуле Ғабитқызы Қуаныш Құрманбаевтың «Сырласу» әнін нақышына келтіре орындады. Одан әрі ауданға белгілі әншілер мен өнерлі балалар өнерлерін ортаға салып, көрермен көзайымына айналды.
Иә, бүгінгі балалар ертеңгі елдің тұтқасын ұстар азаматтар. Сондықтан бүлдіршіндердің өнерлі, білімді болуы маңызды. Осыны ескерген ауданның өнерпаздары да шараның бастауын балаларға арнап отыр. Олардың сахнаға шығып, көпшілікке өз өнерлерін паш етуі алдағы өмірге деген алғашқы баспалдағының бірі екені сөзсіз. Бүгін киелі сахнада өнер көрсете білген бала, ертең ел алдында өзін нық ұстап, халқына қызмет көрсете білетін азамат болары хақ.
Мерекелі шараның екінші күні Халық қаһарманы, Кеңес Одағының халық әртісі, әнші Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай және 80-90 жылдары хит болған әуедерді қайта жаңғыр­ту мақсатында ұйымдастырылды. «Қалықташы бойымда ескірмеген ән» тақырыбымен бастау алған шараны «Тұрсынбай» өнер мектебінің бишілері ашып, «Өнерлі регион» ансамблі Роза Бағланованың репертуарындағы әннен шашу шашты. Одан әрі Құндыз Жанзахова «Айналайын» әнін орындап кештің шырайын арттыра түсті.
Айта кетейік, Роза Бағланова Халық қаһарманы атағына ие болған Қазақстандағы жалғыз өнер иесі. Ол өмірінің жетпіс жылдан астамын киелі сахна төрінде өткізіп, әлемнің 50-ден аса елінде болып, 25 тілде ән шырқаған. Ол өнегелі өмірін қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен кәсіби өнерінің өркендеп, әлемдік арнаға шығуына үлкен үлес қосты.
Тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлаған концертте өнер көрсеткен «Өнерлі регион» ансамблі 2021 жылы Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Түгіскен. Қожакент ауылының өнерпазхдарынан құралды. Бір жылға жетер-жетпес уақыт аралығында бірнеше ауылдық округте концерт қойып, халық құрметіне бөленіп келеді. Сахнада осы ансамбльдің өнерпаздары Бақыт Тасқожаева, Ержігіт Әділбек, Жомарт Жанзахов, Фархад Бакиров, Бекқожа Атақожаев, Дүйсенқожа Үсенов, Сүндет Нәлтаев сынды өнер иелері өнерлерін ортаға салды.
Сондай-ақ, салтанатты кештің үшінші күнінде «О, гитара шырқайық қане» жобасы аясында «Көше әндерін жаңғыртайық» атты гитара пати ұйымдастырылды. Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті – әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де көрермен. «Болар адам – бала шағынан» дейді қазақ. Әнші, гитарашыларды халықпен жақын таныстыратын орта көпшілікке ұсынылатын мәдени кештер. Осы орайда аталмыш кеште құлаққа таныс, ауыздан ауызға тарап, көшеден көше аралаған әндер шырқалды. Сахнада алғашқы болып Бақыт Асылбеков пен Нұрислам Тілеухан гитара мен домбыраның құлағында ойнады. Содан соң Ескендір Ералы, Алмат Нақыпов, Нұрлан Дүйсебеков, Ғалымжан Омаров, Айдын Тілеухан гитараның үнін шарықтатса, Нысанбек Сабырханов, Рашит Ертаев, Олесья Магрупова, Ғалымжан Бейсеновтер ән айтып жаңақорғандықтарға өнерден сый-сияпат жасады.
Соңында ыстық ықыласымен өнерпаздардың делебесін қоздырған, әншілердің әндерін айрықша бағалап, өнер жұлдыздарының бағын жандырып, мәдениетті бәрінен жоғары қоятын аудан тұрғындары төрт күн керемет әсер алғанымызды жасырмаймыз.

                                                                                                                                           Айсұлу АЛДАНАЗАР
01 мамыр 2022 ж. 380 0