ТӨРКІНДЕУ - ТҮБІ ТЕРЕҢ ДӘСТҮР
ТӨРКІНДЕУ - ТҮБІ ТЕРЕҢ ДӘСТҮР
Ұлтымыздың өткенінде ерекше мәнге ие, ел мен елді жақындастырып, алыстаған арасын жақындатып, қайта табыстыратын «Төркіндеу» атты дәстүр бар. Халқымыз әйел баласына тікелей қатысы бар төркіндеу дәстүрін әрбір қызға парыз еткен. Әйелдерге ғана тән бұл салт бір-ақ рет, ұзатылған алғашқы жылдан басқа кез келген кезде атқарылатын міндеті болған.
Ұлттық салт - дәстүрлерді қайта жаңғырту, отбасылық құндылықтарды насихаттау, гендерлік саясатты іске асыру мақсатында Жаңақорған ауданында облыстық әйелдер кеңесінің бастамасымен "Төркіндеу" жобасы кең көлемде ұйымдастырылды.
Айтулы жоба аясында Жаңақорған жерінен түлеп ұшып, бүгінде ауданнан тыс жерлерде жауапты қызмет атқарып жүрген және өз саласы бойынша ұзақ жылдар абыроймен қызмет атқарып жүрген қыздарымыз еліне төркіндеп келіп, туған жеріне тағзым етті.
Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Мансұрқызы Байназарова бастаған топ алдымен көне "Сығанақ" қалашығында саяхат жасап, Жайылма ауылында Жанат Жусипова басшылық жасайтын #195 орта мектебінің педагогикалық жұмысымен танысты. Одан соң аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов әкімдік залында арнайы сый құрмет көрсетіп, ыстық ықыласын жеткізді. Аталған кездесу Жаңақорған аграрлы - техникалық колледжінде өз жалғасын тапты. Колледж студенттерімен пікірлесіп, заманауи үлгідегі түрлі техникалар және оқу базасымен танысты. Бір күнге созылған тағылымды шара "Әл-Мумин" мешітінде өткен ауызашарда қорытындыланды.
Айта кетейік, бүгінгі шараға жерлестеріміз Алматы қаласынан меценат Несібелі Бектасқызы Жусипова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі, қалалық мәслихат депутаты Гүлшат Исақызы Мусаева, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ экономика және басқару кафедрасының қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты Меруерт Әбдуәлиқызы Өмірзақова, «Өрлеу»ҰБАО» АҚ Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы, ұлттық тренер, педагогика ғылымының магистрі Раушан Өмірбекқызы Марсалиева және тағы басқа елге белгілі қыздарымыз қатысты.