№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «SMM-МАМАНЫ»: ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРІ ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДА

«SMM-МАМАНЫ»: ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРІ ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДА


«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанованың жетекшілігімен өткен Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің отырысында жаңа бастамалар легі талқыланды.
Өңірдің іскер қыз-келіншектері қарастырған мәселенің бірі – белсенді әйелдердің бейінді қауымдастыққа бірігунің қажеттілігі. Осындай бірігу арқылы орын алған мәселелерді өңірлік және республикалық деңгейде тез шешуге ғана емес, сондай-ақ нақты салаларда бизнестің бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға жол ашылады.
Кездесуде шығарылатын өнімді тиімді сату үшін өндірістік-логистикалық тізбекті ұйымдастыру арқылы белсенді әйелдер арасында кооперативтік қозғалысты іске асыруға база назар аударылды.
«Бүгінде кәсіпкерлердің басты қамы – тұтынушы сенімін ақтау және тұрақты сату нарығын қамтамасыз ету. Жалғыздан жалғыз орын алған түйткілдермен күресу – қиын шаруа, ал жұмылу арқылы көптеген мүмкіндіктерді іске асыруға болады», – деді Лаззат Рамазанова.
Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы өңірде қыз-келіншектерді жаппай кәсіпкерлікке тартуды жалғастыру қажеттілігін атап өтті. 
«Кез келген әйелдің жеке кәсіп ашуға батылы жетпеуі мүмкін. Бірақ, көбінің бойында жақсы әлеует барын байқап отырмыз, сондықтан сол ынтаны ашып, дұрыс бағытқа салу керек. Өңірде осындай жұмыс жүргізіліп жатқаны қуантады», – деді Лаззат Рамазанова.
Биыл Қызылордада «Онлайн-бизнестегі әйел» атты жобаны іскер асыру басталды. Маусым айынан бастап екі ай қатарынан жұмыссыз жүрген ауыл әйелдері «SMM-маманы» атты курстан өтеді. Оқуды жақсы тәмамдаған әйелдерді Іскер әйелдер кеңесі жұмысқа орналастырады.
Айта кетелік, Қызылорда облысында жылдан жылға кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді. Мәселен, былтыр «Бастау» жобасы бойынша 937 адам оқытылды, оның 398-і – қыз-келіншек. Қаржыланған жоба саны – 358, оның ішінде 146 жоба – әйелдер бастамалары.
Биылдың өзінде Кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-Кеңесші» жобасына 157 әйел қатысты, тағы 288 әйелге сервистік қызмет көрсетілген.
05 маусым 2018 ж. 820 0