Дауларды медиация тәсілімен шешу бойынша кеңес беру
Жаңақорған аудандық медиация және келіссөздер кабинетінде 15 сәуір күні медиация тәсілі арқылы дауларды шешуді түсіндіру мақсатында кездесу шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында кәсіби медиаторлар Баймұратов Анарбек пен Оразбеков Ерғали келесі мәселелер бойынша кеңестер берді:
- Отбасы-неке дауы;
- Әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер;
- Меншіктік, жер, жылжымайтын мүлікке қатысты дау;
- Банктер, микроқаржылық және коллекторлық ұйымдармен дау;
- Еңбек, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы дау;
- Қызмет көрсету саласында, сапаға қатысты дау;
- Өзге де даулы мәселелер.
Кент тұрғындары дауды шешу бойынша кеңес алу үшін медиаторларға қажетті сұрақтарын қойып, пікір алмасты.