№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Табиғат – ортақ байлығымыз

Табиғат – ортақ байлығымыз


Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар ми­нистрлігінің «Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» республикалық мемлекеттік меке­месінің «2022 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусымды белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес Қызылорда облы­сында өрт қаупі бар маусымы 2022 жылдың 24 наурызынан бастал­ғанын хабарлады. Сондай-ақ, «Орман­дар­дағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашы­лығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 санды бұйры­ғының 14 тармағында көрсетілген қауіпсіздіктерді қатаң сақтауға ша­қырады. Өрт қаупі бар маусымда орман қоры аумағында от жағуға, жанып тұрған шырпы, темекі тұқылын тастауға, жанар-жағармай заттары сіңген сүрту материалын олар үшін арнайы көзделмеген орындарда қал­дыруға; жанар май құйылып жатқан машиналардың жанында шы­лым шегуге немесе ашық отты пайдалануға тыйым салынатындығын жеткізеді.
Аталған қағиданын талаптарын сақтамай ормандарда өрт қауiпсiз­дiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 367 бабында жауапкер­шілік қарастырылған. Яғни жеке тұлға­ларға 10 АЕК мөлшерінде (30 630 теңге) айыппұл салуға, ал өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет жеке тұлғаларға – 25 АЕК мөлшерінде (76 575 теңге) айыппұл салуға әкеп соғатынын ескертеді.
"Жаңақорған орман
және жануарлар
дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік
мекемесі" КММ
17 сәуір 2022 ж. 586 0