Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті
Елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жүзеге асып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына айналуы тиіс. Айталық, азаматтарда осы мәселеге қарсы мәдениет қалыптаспайынша оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Мемлекеттік органдарға деген сенімнің артуына, мемлекеттік қызметте өзара қатынастар мәдениетінің қалыптасуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жеке қызметтік әдеп нормаларын бұзуының алдын алуға мүмкіндік береді. Сол себепті дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
Мемлекеттік қызметшілердің мінсіз болуымен қатар, өзін жетілдіруді, білімділігі мен білікті болу күн тәртібінен түспейтін мәселе. Бұдан бөлек, жең ұшынан жалғасқан кесел – жемқорлықты ауыздықтауда жүйелі жұмыстар қолға алынып келеді. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің жемқорлықпен күрес – ортақ дүние екенін қаперден шығармауы және оған жол бермеуі маңызды. Мемлекеттік қызметші өз қамы үшін емес, мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек. Мемлекттік қызметшілердің жұмысына баға беретін де халық. Егер адам парақорлық пен жемқорлық үшін өзін қандай жаза, жауапкершілік күтіп тұрғанын білсе ойланары сөзсіз. «Ұлтқа қызмет ету – мінезден» депұлыларымыз айтқандай, әркім өз қызмет етіп жүрген салада үздік, білікті маман болса, елдің де келешегі кемелдене түсері анық.
С. Толегенов,
ҚР АШМ ВБжҚК-нің
Жаңақорған аудандық
аумақтық инспекциясының
бас маманы