№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Айыппұлы төленбеген көліктер арнайы тұраққа қойылады

Айыппұлы төленбеген көліктер арнайы тұраққа қойылады


Шығыс Қазақстан облысында бір күнде айыппұлын төлемеген 46 жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәртіп сақшылары 6 сәуірден бастап өңір аумағында «Борышкер» жедел алдын алу шарасын жүргізуде.
Бір күн ішінде полиция қызметкерлері мемлекет бюджетіне 6 млн теңгеден астам қаражат өндірді.
Сондай-ақ төленбеген айыппұлдары бар 46 жүргізушінің көлігі мамандандырылған тұраққа қойылған.
Мәселен, полицейлер Өскемен қаласының 30 жастағы тұрғыны тізгіндеген «Toyota» маркалы көлікті тоқтатты.
Тексеру кезінде ер адамның 14 рет жол ережесін бұзып, айыппұл төлемегені анықталды.
«Барлық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (қозғалыс жылдамдығын рұқсат етілген шектен асыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін арнайы тұраққа жеткізілді», деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
08 сәуір 2022 ж. 483 0