№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Борышкер, айыппұл төледің бе?

Борышкер, айыппұл төледің бе?

Жаңақорған аудандық полиция бөлімі «Нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырып, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыруда 1-10 қазан аралығында ауданда «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жедел алдын-алу шарасының басты мақсаты – әкімшілік жазаға тартылып, мемлекетке қарызын төлеуден жалтарып жүрген тұлғалардан айыппұлды өндіру.

– Іс-шара ауданның аумағында өту­де. Полиция қызметкерлері электрондық планшеттер арқылы, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлерді анықтайды. Шараға әкімшілік поли­цияның мамандандырылған батальоны, жол-патрульдік полициясы және жергілікті полицияның автоэкипажы жұмылдырылды. Соны­мен қатар, жол­дың кейбір учаскелерінде әкімшілік айыппұлдары бар борышкерлерді авто­матты түрде анықтайтын «ПОТОК-М» деп аталатын екі мобильді кешен жұмыс жасауда, – дейді аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Әділбай Абдусаметов.
Аға лейтенаттың сөзінше, жыл басынан бері құқық бұзушылық саны 5657 болса, айыппұл суммасы 23 506 253 теңгені құрайды. Ал осы аталған құқық бұзушылықтан өндірілгені 1614-ті құрап, 14 405 261 теңге қазынаға құйылыпты.
Жүргізушілерді әкімшілік айыппұл­дарын уақытылы төлеуге шақырған Әділбай Абдусаметов олай болмаған жағдайда көлігіңіз, қандай да бір кіріс көзінен немесе дүние мүлкін тәркілеуге мәжбүр болатынын да ескертті.
Жедел іс-шара басталғалы бері (алты күн ішінде) тәртіп сақшылары 75 құқық бұзушылық ісін тіркеп, одан 903949,5 мың теңге берешекті өндіріп алған. Мамандар, кейбір азаматтар қарыздан құтылуға асықпайтынын, жылдап төлемейтіндерін алға тартады. Алайда, ешбір борышкердің жазадан қашып құтыла алмайтындығы белгілі.
Шара барысында полиция қызметкерлері борышкерлердің мекен-жайларын аралап, салынған әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде өтеу қажеттігі жөнінде тұрғындарға түсініктеме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, айыппұлдарды өндіру жөнінде смс-хабарламалар таратылуда. Алты күннен бері борышкерлерге 3000-нан астам СМС-хабарлама жіберілген.
Мамандар, қарызын төлеуден жалтарып жүрген борышкерлерге заң аясында тиісті шара қолданылатынын айтып ескертуде. Автокөліктерін автотұраққа қою және мемлекеттік белгілерін алу жұмыстары жүзеге асырылады. Аталған іс-шара басталғалы бері сот орындаушылардың қаулысы негізінде барлығы 470 мың теңге өндірілген.

Лаура БИБАСАРОВА
08 қазан 2019 ж. 798 0