№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жылыжай салуға не кедергі?

Жылыжай салуға не кедергі?


Жылыжай десек ойымызға бірден қияр мен қызанақ келеді. Ол да жөн шығар, дегенмен көрші аудандар мен өзге өңірлерде бұл кешеннен басқа да өнім түрлерінен табыс табуда. Мәселен, Шиелі ауданындағы «Перизат» жеке кәсіпкерлігіндегі 7 гектар жерде орналасқан жылыжайда қауын, қарбыз көшеттері егілсе, «Болашақ» университетінің жылыжайында жыл бойы қияр, қызанақ көкөнісі мен бірге құлпынай жидегі де өседі. Бір жағынан бұл салаға мемлекет тарапынан әжептеуір қолдау да бар. Сонымен, жылыжай шаруасын дамытуға бізде не кедергі?


Былтыр Қызылорда облысындағы жылыжайлардан 480,9 тонна өнім жиналған. Қазір аймақта жалпы көлемі 14,6 гектар болатын 22 жылыжай нақты жұмыс істесе, соның біреуі біздің ауданға тиесілі деп көрсетілген. Нақты цифр солай десе, шағындау тағы бірнеше шаруаның барын білеміз. Солардың бірі кентте тұратын Ерлан Нұрмановтың шаруасы. Бірнеше жылдан бері ай­налысып, ерте көктемнен қиярдың дәнін сеуіп, жаз басталмай толық жинап алудың қам-қарекетін жасайды.
– Біз отбасылық бизнесті дамыту мақсатында қияр өсіру үрдісін жолға қойдық. Көктем шыға іске кірісіп, өнімді ертерек өткізуге тырысамыз. Өзге өңірлерге экспорттайтындай өнім көлемі көп емес. Ауданның өзінде-ақ сұраныс жақсы, тек күздің күні бағасы тым азайып кететіні болмаса, еңбек ақталады, – дейді шаруа.
Иә, жерге еткен еңбек жерде қалмайды деген бар. Жылыжай жұмысын бастауға ниеттілер қатарында жастар да жетерлік. Жалпы облыс халқын маусымаралық кезеңде жергілікті сапалы көкөніс өніммен қамтамасыз етудің бір жолы – жылыжай өндірісін дамыту болып табылады. Жылыжайлардың дені биылғы жылдың алғашқы өнімін жинауға кіріскен. Өйткені, өнім ерте пісіп, көрші облыстар мен аудандарға тарала бастайды.
Елімізде жылыжай бизнесі күннен-күнге кеңейіп келеді. Бұл кәсіппен айналысқысы келетіндерге мемлекеттік грант пен несиелік жеңілдіктер қа­растырылған. Алайда жылыжай өсіру­шілердің көбісінде қажетті білім жоқ. Сондықтан алғашқы бес жылда ешқандай пайда болмайтыны анық. Жылыжай өндірісін қолға алғандардың дені бес жылдан соң ғана шығындардың 40 пайызын өтеп бастайды. Сонымен қатар жылына екі рет пайда таба бастады.
Жалпы елімізде жылыжай кәсібін дөңгелетемін деген әр адамға мемле­кеттен қолдау бар. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы несие алуға, жаңа индустриялық аймақтан жер учаскесін алып, онда барлық коммуникацияларды тартуға және субсидия алуға көмек көрсетіледі. Бірақ әзірге шаруалардың жабық жерде көкөніс өсіру тәжірибесі жоқтың қасы. Өйткені, оған күтім мен уақыт көбірек жұмсалады. Сондықтан оңай жол күріш егумен шектелеміз. «Whatsapp» әлеуметтік желісіндегі топтарға арнайы тіркеліп, Түркістан мен Шымкент шаһарының агрономдарының еңбегін зерделеп көрдік. Мәселен, «ТОО AGRO IMPERIAL», «Теплица Шымкент» сынды топтарда қаңтар айы бітер-бітпес өнім ұрығынан бастап, ағаш көшеттеріне дейін сұраныс үзілмеді. Қияр мен қызанақтан басқа бақша өнімдері, әсі­ресе, картоп пен сәбізге де сұраныс аз емес екен.
Жоғарыда атағандай Жаңа­қор­ған­дағы жалғыз жылы­жайдың иесі Амантай Сарбасаов тур аудан халқы жақсы біледі. 60 соттық аумаққа салған кешенінде өнім жинай бастаған бағбанды әңгімеге тарттық.
– Негізінен жылыжайдан өнім алу өте қиын шаруа. Оған күтім көп керек, біздің ауданда дайын мамандар жоқтың қасы. Біз бұл шаруамен 2009 жылдан бері айналысып келеміз. Бастапқыда өзге өңірден мамандар алдыртып, тәжірибесімен бөлісіп, өзіміз кәсіби бағбандар дайындадық. Қазір жаман емес, шығымы жақсы, кешенде 7-8 адам жұмыс жасайды. Жылына екі рет өнім аламыз, сұраныс Түркістан облысынан келеді. Негізінен нарықта қызанаққа қарағанда қияр көп. Сондықтан осы өнімге басымдық береміз. Қияр 42-45 күнде, қызанақ 100-120 күнде өнім. Ал, жердің құнарлығына келсек, екі жылда бір ауыстырып тұрамыз. Қазір ұрықты арнайы қаптарға егеміз, өйткені жердің соры көп, тұзданып кетеді, – дейді Амантай ағамыз.
Бір сөзінде кәсіпкер жылыжайдағы өнімді арттыру керек дейді. Бізге бұл салада білікті мамандар, жы­лыжайларды басқару орталықтары, жоғары сапалы тұқым, топырақ, тыңайтқыштар мен пестицидтер сататын мамандандырылған дүкендер қажет екенін алға тартады. Мұндай сауда нүктелері қазірден құрылуы керек, өйткені бұл кәсіпке деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді.
Ардагер шаруаның айтуынша, жа­ңа­қорғандықтардың саяжайла­рын­­дағы жылыжайды жабдықтауға мүм­кіндігі мол.

– Егер тұрғындар жерді дұрыс пайдалана білсе, жыл бойы табыс болады. Үйде де, сыртта да кез келген өсімдікті өсіруге мүмкіндік бар. Бұл шаруашылықты қолға алу үшін биік, әрі үлкен жылыжай салудың қажеті жоқ. Тек жер жеткілікті болса болғаны. Жылыжай кәсібімен айналысамын деушілерге ақыл-кеңес беруге қуана көмектесемін. Уақыт өте келе барлық қажетті шаралар жүзеге асып, содан кейін Қызылорда базарларында импорттық өнімдерден гөрі жергілікті өнім көп болатынына сенемін, – деп кейіпкеріміз сөзін түйіндеді.

Айта кетейік, облыста жылы­жайлар құрылысын жүргізу мақса­тында «Жан-Арай» ЖШС жалпы көлемі 3,9 гектар аумақты іске қоспақ. Ал, өнімді сақтау үшн Бақдәулет Мақашов кәсіпкер Сыр өңірінде алғашқы болып цехті іске қосты. Жуырда ғана облыс әкімі лентасын қиған қойма Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылында, күре жолдың бойында орналасқан. Сондықтан бар мүмкіндікті пайдалануға тырысқан абзал. Мемлекеттен грант ұтып алып, жеңілдетілген несие рәсімдеп, жылыжай жұмысын бастауға болады. Ал, өнім қорын сақтайтын бір емес, екі бірдей қойма біздің ауданда орналасқан. Ендеше, сәттілік, шаруаларға.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

06 сәуір 2022 ж. 681 0