Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Zhas Project» бизнеске ұласты

«Zhas Project» бизнеске ұласты

  Былтыр Жаңақорған кенті Ақмешіт көшесінің тұрғыны Әлішер Әбдішев «Zhas Project» жобасымен грант жеңіп алып, қияр өсіретін жылыжай салған еді.


  Көпшілік Әлішердің бастамасына күмәнмен қарағаны да рас. Себебі, грант қаржысымен жылыжай салып, бизнесін дамыту қиын- ақ. Бірақ, тәуекелшіл азамат Үкіметтің берген көмегін өзінің батыл қадамымен ұштастыруды жолға қойды. Алдымен жүйелі жоспар құрып, жылыжай кешенін жасақтады. Сосын, Түркістаннан «Игл-ЭФ-1» сұрыпты қиярдың сортын әкеліп, көшеттеп отырғызды. Жылыжайдың ішін қалыпты температурада ұстап, өнімді мол алды.
– Биыл алғашқы өнімді шығардық. Жаман емес. Негізі, бұдан да ертерек өнім алуым үшін келер жылдары ерте қимылдау қажеттігін түсіндім. Анам, қарындастарым көмектеседі. Үйдің қасынан үш сотық жер бөліп, сыртын пленкамен қоршап, ішін жылытуға газ кіргізіп жатырмыз. Біз бағамызды Түркістан қаласымен бірдей етіп, 90 теңгеден қойғандықтан сұраныс артты. Жаңақорғандағы базарда қиярдың орташа бағасы 150 теңгеден келіп тұр. Той-томалақ пен өлім-жітімге байланысты отырыстарға көптеп тапсырыс берушілер де бар,– дейді жас бағбан.
Әлішер Әбдішев Нұр-Сұлтан қаласындағы «Тұран-Астана» университетінің Мемлекеттік басқару факультетін бітірген екен. Ата-анасының ұйғарымымен Жаңақорғанға келіп, «Zhas Project» жобасына қатысып, бағын сынап көруді мақсат етсе, екіншіден туған жерді түлету жайы да толғандырды. 26 жастағы жігіт келесі жылдары жылыжай шаруашылығын кеңейтіп, өнім түрлерін көбейтпек.
– Негізі, өзіміздің базарларымызға отандық өнімдерді шығарғанға не жетсін. Басқа елдерден келген жеміс-жидектердің сапасына ешкім кепілдік бере алмайды. Жастарға мүмкіншілік жасап, қолдау көрсетсе, кәсіпкерлердің жаңа буыны қалыптасары анық. Аудан әкімі Ғалым Әміреевтің осы бағыттағы жұмыстарын біліп, естіп отырмыз, – дейді Әлішердің анасы Ұлмекен апа.


Иса БЕРКІМБАЙ.

21 мамыр 2019 ж. 965 0