№71 (8782) 7

07 қыркүйек 2024 ж.

№70 (8781) 3

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (8780) 30

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

Тәуелсіз еліміздің сот қызметін жаңа сатыға көтеретін жобалардың бірі, жаңа жыл қарсаңында жаңа бастама, жаңа пилоттық жоба!
Дауды соттан тыс реттеу және сотқа дейін жобасын жетілдіру мақсатында сот жүйесінде ауқымды шаралар атқарылып келе жатқандығы белгілі.
Осындай ауқымды шаралардың бірі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен түзетулер.
Яғни, жаңа өзгеріске сәйкес кодексте «Сотқа дейінгі хаттама» пилоттық жобасы енгізілді.
Осы аталған пилоттық жоба аясында Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы А. жауапкер Ж-дан 70 000 теңге қарыз ақшасын өндіру жайлы талап қоюымен жүгінген.
Талап арызды алғаннан кейін татуластырушы судья судья И.Тұңғышбаев татуластыру рәсімін жүргізіп, бұл ретте тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігі, оның салдары түсіндірілді, дәлелдемелерді аша отырып, сотқа дейінгі хаттама толтырылды.
Бүгінгі күнге дейін татуластырушы судьямен бірнеше татуластыру рәсімдері жүргізілді.
Бірнеше рет жасалған татуластыру рәсімдерінің нәтижесінде тараптар дәлелдемелерді жария ете отырып, сотқа дейінгі хаттама жасап, кейін медиациялық келісімге келді.
Аталған келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшымен татуласып, 70 000 теңге қарызын 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап ай сайын 20 000 теңгеден төлеуге міндеттенеді, талап қоюшы онымен келісіп, аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды және төленген мемлекеттік баж салығы талап қоюшыға қайтарылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
14 қаңтар 2022 ж. 194 0