«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сотқа дейінгі хаттама негізінде тараптар татуласты

Сотқа дейінгі хаттама негізінде тараптар татуласты

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік Кодексіне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізіліп, жаңашылдықтар жыл басынан бері қолданысқа енгізілгені белгілі.
Осы негізде АПК-не «Сотқа дейінгі хаттама» институты енгізілді.
Аталған жаңашылдықтар аясында Жаңақорған аудандық сотында қаралған азаматтық іс бойынша талап қоюшы Б. сотқа талап қоюын беріп, жауапкерлер О мен А-дан 550 000 теңге қарыз ақшаны өндіруді сұраған.
Талап арызды алғаннан кейін аудандық соттың татуластырушы судьясы И.Тұңғышбаев татуласу рәсімін жүргізіп, бұл ретте тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін, оның салдарын түсіндірді және дәлелдемелерді аша отырып, сотқа дейінгі хаттама рәсімделді.
Сондай-ақ жасалған медиациялық келісімге сәйкес тараптар өзара келісімге келді.
Аталған келісім шарттары бойынша жауапкер О., 275 000 теңге қарызын 2022 жылдың наурыз айынан бастап ай сайын 30 000 теңгеден төлеуге және А-да 275 000 теңге қарызын 2022 жылдың наурыз айынан бастап ай сайын 30 000 теңгеден төлеуге міндеттенді, ал талап қоюшы онымен келісіп, аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды және төленген мемлекеттік баж салығы талап қоюшыға қайтарылды.
Бұл көрсеткіш енгізілген жаңашылдықтың қолайлылығының бір дәлелі.
Кез-келген дауды қысқа мерзімде, моральдық, қаржылай шығынсыз, іскерлік өзара қарым-қатынасты сақтауға тырысып, татуластыру рәсімдерінің негізінде бейбіт келісіммен аяқтау екі тарапқа да тиімді.
Сотқа талап қоюмен жүгініп, кейін сол дауды ортақ мәмілеге келу арқылы шешіп жатқан тараптар аз емес.
Дау туындаған жағдайда сот арқылы жаға жыртысудың жолын емес, моральдық және материалдық ауыртпалық келтірмейтін татуласудың мүмкіндігін қолданған анағұрлым тиімді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
02 наурыз 2022 ж. 177 0