«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бірлігі бекем елдің мерекесі

Бірлігі бекем елдің мерекесі


Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған салтанатты мереке.
Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондардың өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Бүгінгі таңда бұл мереке барлық қазақстандықтар үшін қайырымдылықтың, достық пен бірліктің жарқын үлгісі, ел азаматтарының ынтымағын арттыруға ықпал ететін мереке.

Атаулы мереке қарсаңында, Ма­нап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада ау­дан әкімі Руслан Рүстемов барша жаңа­қорғандықтарды атаулы мерекемен құт­тықтап, ізгі тілегін білдірді.
–  Ардақты ағайын, құрметті жерлес­тер бүгінгі «Алғыс айту» мерекесі құтты болсын. Біздің ата заңымыз «Тарихи тағдыр тапсырған Қазақстан халқы» деп басталады. Міне, осы Қазақстан халқы тағдырдың небір қилы кезеңдерінен өткен, қиын-қыстау уақытта қол ұшын созып, құшақ жая қарсы алған қазақ халқына алғыс айтатын күні. 1 наурыз алғыс айту күнінің терең мәні осында жатыр. Туыс-туған арасындағы татулық үшін, ағайын арасындағы ауызбіршілік үшін ардагерлерге, қоғамдағы қауым­дастық үшін, мемлекет ішіндегі мәміле үшін тұғы­ры биік халқыма, барша жаңақорғандық­тар­ға Алғыс айтамын, – дейді аудан әкімі.
Шарада мәдениет қызметкерлері дай­ындаған шешен, неміс ұлты туралы бейне­ролик көрсетілді. Одан кейін аудандағы бірнеше жыл еңбек етіп, өздерінің кейінгі жастарға үлгі, өнеге болған, «Еңбек – бейнет емес, зейнет» демекші, бүгінгі таңда еткен еңбегінің зейнетіне кенеліп отырған алтын құрсақты аналарға марапат көрсетті.
Айта кету керек, елімізде 2016 жыл­дан бастап 1 наурыз – Алғыс айту күні болып белгіленіп, жыл сайын атап өтіліп келеді. Бүл күн татулығымыз бен тұрақтылығымызды, береке бірлігімізді одан әрі нығайтуға жол ашып, ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жете­лейтін күн.
Бір шаңырақ астында өзара түсі­ністікпен күн кешіп келе жатқан түрлі этнос өкілдерінің бүгінгі татулығы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала береді.
Қоғамдағы келісімді ұйыстыру, этно­мәдени бірлестіктермен, қоғамдық ұй­ым жетекшілерімен байланысты жан­­дандыру бағытында ауданымызда үйле­сімді жұ­мыстар жүргізілуде. Ау­дан­да 553 этнос өкілі татулық пен бірлікті, өзара түсіністікті қалыптастырып, қимас дос, ажырамас бауырдай болып тату-тәтті өмір кешіп жатыр. Олардың да қазақ халқына деген ыстық ықыластары мен айтар алғыстары бар деп ойлаймыз.
Әсел Жұмабайқызы
07 наурыз 2022 ж. 288 0