№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ел сенімі жауапкершілікті еселейді

Ел сенімі жауапкершілікті еселейді

Биыл жергілікті мәслихаттар құрылымына 28 жыл толады. Осынау кезеңде халық қалаулылары елдің мұң-мұқтажын тыңдап, әлеуметтік мәселелерді шешуге қаншалықты атсалысты. Бұл жайында аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбековпен жолығып, жергілікті өкілдіктің жұмыстарымен таныстық.
– Жергілікті өкілді органдар қыз­метінің тиімділігін арттыру қазіргі жағдайда маңызы зор міндет болып отыр. Өйткені мәслихаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң­намасына сәйкес халықтың еркін білдіретін, өңірлерді әлеуметтік-эко­номикалық реттеудің елеулі өкі­леттіктеріне ие бірден-бір құрылым, – дейді ол.
– Мәслихат жұмысының маңы­зына тоқталып өтсеңіз?
– Сессияда қаралатын жоспарлы мәселе бойынша аудан әкімдігі тиісті шешім жобасын әзірлеп, шешім жобалары тұрақты комиссияның оты­рыстарында, бірлескен отырыс-та алдын ала талқылаудан өткізіледі. Талқылау қорытындысында мақұл­данған мәселелер ғана сессияның күн тәртібінің жобасына енгізіліп, сессия қарауына ұсынылады. Сессияда қабылданған шешімдер атқарушы органдарға жолданып, олардың орын­далуы қадағаланып отырады.
2021 жылғы 30 маусымда кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілуіне байланысты мәслихаттың үлгілік регламентіне өзгерістер ен­гізілді. Мәслихат хатшысының өкі­леттігін бере отырып мәслихат сессиясын өткізу мәслихат хатшысына беру, мәслихат депутаттарын бі­ліктілігін арттыру, сияқты өзгерістер енгізілді.
– Әрине, мәслихат қызмет­кер­лерінің мойнына артылар жауапкершілік жүгі қашанда ауыр. Қазіргі таңдағы депутаттық құрам жайында айтсаңыз?
– 2021 жылы қаңтар айында алғаш рет мәслихат депутаттарын сайлаудың жаңа жүйесі енгізіліп Партиялар бәсекеге түсті, Мәслихат депутаттары Партиялық тізім бойынша сайланды. Қорытындысы негізінде аудандық мәслихат депуттарының 13-і «Nur Otan» партиялық тізімі бойынша депутат, «Ауыл» партиясы арқылы 2 депутат ұсынылды. Оның 12-сі ер, 3-уі әйел азамат, барлығы жоғары білімді. Жаңақорған аудандық мәслихатында 2 тұрақты комиссия қызмет атқа­рады. Бюджеттік, эко­номика, құры­лыс, өнеркәсіп, көлік, байланыс, ауылшаруашылық, коммуналды шаруа­шылық, сауда, халыққа қызмет көрсе­ту, білім беру, денсаулық, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, заңдылық пен азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиялар жұмыс жасап келеді.
– Ашықтық пен жариялылықта мәс­лихат депутаттарының бел­сен­ділігі қандай?
– Халық қалаулылары өзі сайланған аумақта тұратын тұрғындардың мұң-мұқтажын қорғап, олардың өзіне сенім білдірген аманатына адал болуға ұмтылады. Сонымен бірге, жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілеп, оның орындалу барысын бақылайды. Бірінші орында ол халықтың жана­шыры болу керек. Депутатқа табыс­талған барлық жауапкершілікті орын­дап, халыққа аянбай еңбек ететін болса, халық та қолдау көрсетеді. Мәслихат депутаттары мәслихат бекі­тілген кестеге сәйкес айына бір рет халықпен кездесулер, жеке қабылдаулар, қоғамдық қабылдаулар өткізіп отырады. 2021 жылдан бастап мәслихатпен өткізілген сессиялар ашықтықты қамтамасыз ету мақса­тында Aitube сайтында онлайн көрсетіледі. Осы арқылы әр депутаттың сессия отырысында көтерген мәселелері жөнінде халық көре алады және сайтта жиналыстар сақтаулы турады.
Тұрақты комиссия өзге де шара­ларда көтерілген тақырыптар facebook әлеуметтік желісінде жарияланады. Алдын ала халықтан ұсыныс пікірлер жиналады. Депутаттардың әлеуметтік парақшаларына әрбір азамат өз өтініш тілегін қалдыруына болады.
– Елді мекендерді аралаған депуттардың арасында мін­дет­ті түрде өзіңіз жүресіз? Де­путаттардың жұмысына көңіліңіз тола ма?
– Халықтың мұң-мүддесін тыңдау, депутаттық сауал жолдау біздің басты мақсатымыз. Біліп қана қоймай шешу жолдарын қарастырып жатамыз. Со­ның ішінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану, мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, қоғамдық кеңес­тердің жұмысын қамтамасыз ету сынды экономиканың және азаматтық қоғамның дамуымен байланысты мәселелер көп. Тәуелсіздіктің ал­ғашқы жылдарында халықтың көтер­ген мәселелері тұрмыстық жағдайдың төңірегінде болса, қазір жалпы жұртшылыққа ортақ ауыз су, мектеп, жол секілді маңыздылығы жоғары мәселелер жиі көтеріледі. Бұған біз халықтың әл-ауқатын көтерудің түрлі жолдарын қарастырып әрі инфрақұрылым сапасы күн тәртібіне ұсынылып отырады. Осы жұмыстарға мәслихат депутаттары өз үлестерін қосып, халықтың зор сеніміне ие болып отыр деуге болатын шығар.
– Биылғы мәслихаттың жұмыс жоспарына тоқталып өтсеңіз?
– Денсаулық саласы, жайылым­дарды басқару және оны нақ­ты белгілеу, әлеуметтік мәселелерді қарастыру және аудандық пен кент әкімдігінің бюджетінің атқарылу деңгейін қарастырамыз. Осы мәсе­лелер жөнінде бюджеттік және әлеу­меттік мәселелер жөніндегі екі тұрақты комиссия депутаттардың төра­ғала­рымен келісіп, арнайы комиссия құрып, алдын-ала зерттелуде. Қазір сол зерттеу жұмыстары тиянақты жүріп жатыр.
– Бүгінгі таңда ауданда қандай өзекті мәселелер бар? Оған мәслихаттың ықпалы қандай?
– Бүгінгі таңда аудандағы өзекті меселенің бірі – аяқ су мәселесі. Бұл мәселені Сенат, Парламеттен бөлек, Экология геология және табиғит ресурстар министрлігінен қолдау тауып, Сырдаря өзеніне тоспа қою туралы айтылуда.
Сонымен қатыр депутат ретінде халықпен үнемі кездесіп ұсыныстарын тыңдауға дайынбыз. Ауыл жол­дарын орташа жөндеу, көшені жарық­тандыру, балалар спорт алаңын салу сияқты мәселелер де назардан тыс қалған емес. Жақында аудан әкімдігі мен бөлім басшыларымен ауыл әкімдерімен бірге мәслихат депутаттары бюджетті нақтылау бойынша жиналыста бас қостық. Осы жиналыста біраз мәселелер шешімін табады деп есептеймін.
– Әңгімеңізге үлкен рақмет!

Әсел РЗАЕВА
12 ақпан 2022 ж. 433 0