№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Құрметті депутат» атанды

«Құрметті депутат» атанды

  Жуырда облыс орталығында «Жергілікті өкілді орган – мәслихаттардың өңір дамуындағы орны мен рөлі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда билік пен халық арасында дәнекер болып, елдік мүдде, мемлекеттік мұрат жолында қызмет ететін мәслихаттардың 25 жылда атқарылған жұмыстары сарланды.

  Облыстық, аудандық мәслихаттың І-VI шақырылым депутаттары мен хатшылары қатысқан шараға жаңа­қорғандықтар да арнайы барды. Конференцияда жергілікті өкілді орган – мәслихаттардың өңір да­муындағы орны мен рөлі сөз болды. Яғни Конститутциясы нормаларын, Президент Жарлықтарын, облыстың экономикалық даму бағдарламаларын іске асыруға белсене атсалысып келеді.
Жиынға арнайы қатысқан аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов:
– Мәслихаттар институтының негізі 1993 жылы желтоқсанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде қаланды. Осыған орай, 1994 жылдың наурыз айынан бастап оған дейін өкілді орган қызметін атқарып келген облыстық, қалалық, аудандық кеңестер – жергілікті мәслихаттарға орын берді. Бұл енді ғана дербестік алған елімізге үлкен жауапкершілік болатын. Осы уақыт аралығында мәслихат үдеден шыға білді. Мәслихат халық пен билік арасындағы алтын көпір бола отырып, өздерінің өкілеттік шеңберінде көптеген өзекті мәселелерді, қиын түйткілдерді, қордаланып қалған проблемаларды шешуге ықпал етті, – деді.
Сондай-ақ бірқатар халық қалау­лыларын «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, облыстың «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатпен» марапаттады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып, елдің дамуына үлес қосқан Сәулебек Дүйсебековке «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» табысталды. Ол аудандық мәслихаттың 2, 3, 4 шақырылымында хатшысы қызметін атқарды. «Nur Оtan» партиясы аудандық филиалы төрағасы ретінде партия саясатын халыққа дәріптеп, халықшыл бағдарламаларын аудан көлемінде атқарылуына еңбек сіңірді.
– 1999-2012 жылы мәслихаттың үш шақырылымында хатшылық қызмет атқардым. «Құрметті депутаты» атағы менің ғана еңбегім емес, менімен қызмет атқарған барша әріптес халық қалаулыларының еңбегі деп білемін. Жалпы шама-шарқымызша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, рухани-мәдени көкжиегі кеңеюіне атсалыстық. Әлі аттан түспей, «СКЗ-U» ЖШС бас директорының орынбасары қызметін атқарудамын, – деді Сәулебек Шауленбекұлы.

Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА


22 желтоқсан 2019 ж. 726 0