№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бітімгерліктің тіні-татулықта, татуласу басты-мақсат

Бітімгерліктің тіні-татулықта, татуласу басты-мақсат


Жаңақорған аудандық сотында «Бітімгерліктің тіні-татулықта, татуласу басты-мақсат» тақырыбында «WhatsApp» мобильді қосымшасының көмегімен онлайн режимде семиинар өткізілді.
Аталған шараға аудандық соттың судьясы И.Ө.Тұңғышбаев, кенттегі «Татуласу орталығының» кәсіби медиаторы А.А.Жәнібеков, «Билер кеңесінің» мүшесі А.Баймұратов, аудандық заң кеңес беру бөлімінің адвокаты Г.Увайдаева және аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева қатысты.
Судья И.Ө.Тұңғышбаев семинарды ашып, өз сөзінде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы шеңберінде ашылған орталықтан азаматтар келіссөздер, медиация, татуласу келісімдері, партисипативтік рәсім сияқты түрлі дауды реттеудің балама тәсілдерін жүргізу тәртібінің ерекшеліктері, артықшылықтары туралы біле алатынын, татуласу орталығына келуші азаматтарға барлық жағдайлар жасалғанын, жалпы медиация татуласудың тиімді тәсілі екенін айта келе, аудандық соттың өндірісіндегі 2 қылмыстық іс, 26 азаматтық іс, 2 іс бойынша тараптардың араларында жасалған татуласу келісімімен және адвокаттардың жәрдемдесуімен яғни, партисипативтік рәсім тәртібімен 2 іс, «Билер кеңесінің» көмегімен 2 азаматтық іс, сонымен қатар 13 әкімшілік іс бойынша тараптар бітімгерлік жолымен татуласқанын айтты.
Шара соңын қорытындылай келе, судья И.Ө.Тұңғышбаев алдағы уақытта да татуласу орталығының жұмысын жандандыруға және татуласу рәсімдерін одан әрі насихаттауға шақырды және аталған тақырып бойынша туындаған сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасты.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
21 мамыр 2021 ж. 548 0