Аудандық сотта семинар өткізілді
Жаңақорған аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы И.Тұңғышбаев, судья Э.Рыскулов және кеңсе меңгерушісі мен сот қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы И.Тұңғышбаев өз сөзінде, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үнемі күн тәртібінен қалмайтынын, ең бірінші тұрған мәселелердің бірі екені өздеріңізге белгілі, осыған байланысты сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуші құқық қорғау органдарымен жұмыстар үнемі жүргізілуде. Сондықтан осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болу үшін халықпен тікелей қарым қатынаста жұмыс жасаған кезде процессуалдық емес әрекетерге және басқа да заң бұзушылықтарға жол бермей, халықпен жұмыс жасаған кезде сыпайылық танытып, әдеп кодексінің талаптарының сақталуына аса мән беру қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар, қызмет уақытысында әрбір судья, әрбір сот қызметкері өзіне жүктелген міндетті, өзіне тиесілі жұмыстарды қызметтік талапқа сай орындауды, басқа біреудің жұмысына заңға қайшы әрекеттер жасау арқылы араласпауы тиіс. Сот отырысына келген немесе кеңседегі өзге қызметтерге жүгінген тараптар мен азаматтарға тек қызметтік көмек көрсетіліп, немесе тиісінше кімге жүгіну керектігін түсіндіріп, басқа қызметтен тыс қарым-қатынас жасамау керектігін түсіндірді.
Семинар соңында аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы И.Тұңғышбаев аталған барлық қауіпсіздік шараларын қатаң басшылыққа алуға және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау керектігін айтты.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі