МЕДИАЦИЯ РӘСІМІ ҚОС ТАРАПҚА ТИІМДІ
Қоғамдағы болмашы даудың өзін тек сот шешуі тиіс деген пікір қалыптасқан. Бірақ бұл міндетті талап емес. Дауласқан тараптарды татуластыру әлемдік сот төрелігінің ең басты үрдісі. Медиациялық келісім соттың шешімі сияқты дауды түбегейлі шешуге ықпал етеді.
Қазіргі уақытта қоғамда дауларды медиация тәртібімен реттеу кең етек алып жатқандығы белгілі.
Сөзіміз жүйелі, деректер дәйекті болу үшін аудандық соттан бір ақпар келтірейік.
Судья істерді қарау барысында тараптарға медиация тәртібінде татуласуға болатыны жайлы, медиативтік процедураны өткізудің негіздері мен тәртібін және де дауды реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндіріп берді.
Аталған медиация тетігін пайдалану арқылы Жаңақорған аудандық сотының өндірісіндегі талап қоюшы "Exceellent Trade" ЖШС-нің жауапкер
Н-дан қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматтық іс медиация тәртібімен өз шешімін тапты.
Сотта іс бойынша талап қоюшы Exceellent Trade" ЖШС-нің жауапкер Н-дан 156 094 теңге қарызды өндіріп алу туралы талап қоюымен жүгінген және тараптар дауды бітімгершілік келісім тәртібімен шешу туралы өтініш жасап, оны бекітуді сұрады.
Жасалған медиациялық келісімге сәйкес талап қоюшы талап қоюынан бас тартса, жауапкер қарыз соманы белгіленген мерзімде бөліп төлеуге міндеттенді.
Нәтижесінде, аудандық соттың ұйғарымымен аталған осы сот өндірісі тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылды және іс бойынша төленген мемлекеттік баж төлемі талап қоюшыға қайтарылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.