МЕДИАЦИЯ САЛАСЫ-ДАУДЫ ШЕШУ КЕПІЛІ.ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СОТЫНДА БІР КҮНДЕ ТӨРТ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ТОҚТАТЫЛДЫ
Біз әрдайым өзара қарым қатынас жағдайында өмір сүреміз.Алайда мүдделер қақтығысы болып тұрады.Ол кезде дауды шешу қиынға соғады.
Сонымен қатар ол дау елеусіз басталып, шешілуі қиын ауқымға дейін ұлғая береді.
Бір қуантарлығы шешімнің оңай жолы бар. Ол медиация тетігін пайдалана отырып, дауларды келісім арқылы медиаторлар немесе татуластырушы судья арқылы шешу.
Қазіргі уақытта қоғамда дауларды медиация тәртібімен реттеу кең етек алып жатқандығы белгілі.
Судья істерді қарау барысында тараптарға медиация тәртібінде татуласуға болатыны жайлы, медиативтік процедураны өткізудің негіздері мен тәртібін және де дауды реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндіріп берді.
Бүгінде сот процесінде болып жатқан көптеген істердің оңтайлы шешім табуына, сот өндірісіндегі істердің тоқтатылуына, шығындардың азаюына медиация саласының тигізер септігі мол.
Аталмыш «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы осы уақыт аралығында өзінің өзектілігін дәлелдеуде.
Дау мұраты бітім екенін түсінген тараптар медиация тәртібімен мәселесін шешуге ынталы.
Мұны аудандық сот өндірісіндегі көптеген істердің бітіммен шешіліп жатқандығынан да байқауға болады.
Әділ төрелікке негізделген алаңда көбіне алимент өндіру, қарыз ақша өндіру мәселелеріне қатысты істер сотқа жетпей және сотта өз шешімін табуда.
Аталған медиация тетігін пайдалану арқылы Жаңақорған аудандық сотының өндірісіндегі төрт іс медиация тәртібімен өз шешімін тапты.
Аудандық сотта некені бұзуды сұраған екі азаматтық іс бойынша және іс құжаттарында көрсетілгендей талап қоюшылар жауапкермен некеге тұрғандарын, сол некеден ортақ кәмелетке толмаған балаларының барын, жауапкерлермен мінездері жараспағандықтан, отбасы болып тұруға мүмкіншілік жоқтығын көрсеткен.
Сот барысында тараптар медиация тәртібімен реттелген келісімін бекіту туралы өтінішін жеткізіп, медиативтік келісімнің талаптары бойынша ерлі-зайыптылардың сотпен белгіленген мерзімде бір-бірімен татуласып, бір отбасы болып тұрып жатқандары анықталды.
Келесі кезекте Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-2 бабының 1-1 бөлігімен екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.
Іс құжаттарында анықталғандай азамат А. Жаңақорған кентіндегі үйінде өзінің жұбайы мен кәмелетке толмаған қызын ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтіруге әкеп соқпаған әрекетті жасаған.
Сотта азамат А., өз кінәсін мойындап, жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласқандарын көрсетті.
Нәтижесінде аталған төрт іс сотпен тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылды.
Аталған мәселелер бойынша медиация тетігін пайдалану арқылы аудандық сот судьялары мен кәсіби медиатор дауласушы тараптарды өздерінің өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш», «Кешірім жасау-кеңдік, кешіре алмау-кемдік» деп өсиет қалдырғанын, бабаларымыздың «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» демекші, кешіре білу кеңдіктің белгісі деп ұғынуымыз керек екенін, айыбы ауыр болмаса, ата жолымен мәмілеге келіп, екі тараптың келісімге келуі маңызды деп, тараптардың мәселелері бойынша дау бітімгершілік келісімге келу нәтижесімен түсіндірілді.
Тараптар медиация рәсімі істің жылдам шешілуіне, олардың өздеріне қолайлы шешімге қол жеткізуіне ықпал ететінін түсінді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.