№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АРДАГЕР СУДЬЯМЕН КЕЗДЕСУ

АРДАГЕР СУДЬЯМЕН КЕЗДЕСУ

Қызылорда облыстық сотының Оқу Орталығының бастамасымен Шиелі аудандық сотында сот жүйесінің ардагері, доғарыстағы судья Т.С. Баймағамбетпен кездесу өтті.
Кездесуге Жаңақорған, Шиелі аудандық сотының жас судьялары И.Тунгышбаев, Э.Рыскулов, А.Жолдыбаев пен Ж.Сарбасова қатысты.
Тұрмат Сабекұлы өзінің сот жүйесіндегі қызметін 1964 жылы Шиелі аудандық сотында сот отырысының хатшысы қызметінен бастаған.Одан кейін сот орындаушысы, мемлекеттік нотариалды кеңсенің нотариусы болып жұмыс істеген.
1986 жылы Қармақшы аудандық сотының судьясы болып тағайындалып, 1987-1996 жылдар аралығында Тереңөзек аудандық сотының төрағасы, 1996-2006 жылдары Шиелі аудандық сотының төрағасы қызметтерін абыроймен атқарған.2007-2008 жылдары Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы болып табысты еңбек етіп, 2008 жылдан бастап доғарыстағы судья.2009 жылдан Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, Шиелі аудандық заң консультациясының адвокаты болып қызмет атқарған.Өзінің қызметінде әділдікті ту еткен білікті судья Т.Баймағамбет Әділет Министрлігінің грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Құрмет грамотасымен, облыстық сот төрағасының алғыс хаттарымен, «Сот жүйесінің ардагері» медалімен марапатталған.
Сондай-ақ Т.Баймағамбет «Үш би» құрмет белгісін шежірелі өлкеде иеленген тұңғыш кәсіби ардагер судья және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен, «Мұстафа Шоқайға 125 жыл» мекерелік медалімен, «Судьялар Одағының құрметті мүшесі» құрмет белгісімен наградталған.
Кездесу барысында Т.Баймағамбет өзінің еңбек жолы, атқарған жұмысы, түрлі кезеңдегі республика сот жүйесінің тарихы жайлы әңгімелеп, судья қызметінің жауапкершілігі мен міндетіне кеңінен тоқталды.
Ардагер судья сот жүйесінде жүргізіліп жатырған реформаларға қолдау білдіріп, қуаттайтынын көрсетіп, жас судьяларға сот төрелігін жүзеге асырудағы қызметтеріне табыс тілеп, абырой биігінен көрінулеріне тілектестік білдірді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
07 желтоқсан 2021 ж. 266 0