№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЛИМЕНТ ТӨЛЕУ- ПАРЫЗЫҢ

АЛИМЕНТ ТӨЛЕУ- ПАРЫЗЫҢ


Әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты алимент төлеу немесе сұрату қажеттілігі туындауы мүмкін.
Баланы асырау-ата-анасының заңмен бекітілген міндеті. Бұл жерде ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес.
Жаңақорған аудандық сотында өндіріп алушы Н., борышкер Ғ-дан кәмелетке толмаған баласын асырап-бағу үшін алимент өндіру жөніндегі сот бұйрығын шығаруды сұраған арызымен азаматтық іс қаралды.
Өндіріп алушы арызымен сотқа жүгініп, онда борышкер екеуі заңды некеде тұратынын, ортақ кәмелетке толмаған бір баласы бар екенін, қазіргі таңда жауапкер екеуі бір отбасы болып тұрмайтынын, ортақ шаруашылық жүргізбейтінін, баласы өзінің тәрбиесінде екенін, жауапкер ерікті түрде материалдық көмек көрсетпейтінін көрсетіп, жауапкерден баласы он сегіз жасқа толғанша алимент өндіруді сұраған.
Сотпен борышкер Ғ-ның айлық табысының және өзге кірісінің төрттен бірі мөлшерінде өндіріп алушы Н-ның пайдасына баласы кәмелетке толғанша ай сайын алимент өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының бас пасөз қызметі.
02 желтоқсан 2021 ж. 371 0