№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тәуелсіздік тартуы: Көпір салу – сауапты іс

Тәуелсіздік тартуы: Көпір салу – сауапты іс


Ұлттық танымда көшет отырғызу, көпір салу сауабы ортаймайтын істен саналады. 2007 жылға дейін Сырдың арғы бетіндегі 15 елді мекеннің тұр­ғындары қалқымалы көпірмен аудан орталығына қатынайтын. Сол кезді көз алдыңызға елестетіп көрің­ізші, автобуспен қатынайтын жұрт көпірге келгенде бір тоқтап, жолаушылар түсетін. Сосын одан өтіп, тағы тоқтап, адамдарды мінгізіп, жолын жалғайтын. Осы жерде талай оқиға болғаны жөнінде ел арасында әңгіме көп.

Сырдария өзенінен өтетін көпір құрылысы 2007 жылы жүргізіліп, 2008 жылы пайдалануға берілді. Көпірдің ұзындығы 300 метр, ені 9 метр. Құрылыс жұмысын Алматы қаласының «Трансқұрылыскөпір» ЖШС жүргізді. Құрылысты жүргізуге «Қызылқұм» ЖШС-нен 2 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалды. Аталған көпір арқылы 15 елді мекеннің аудан орталығымен қатынауына қолайлы жағдай туды. Ауданның экономикалық дамуына серпін берген көпірді құрылыс бригадасы 10 айда салып аяқтады.
Көпірдің салынуы халықты көл көсір қуанышқа бөледі.
Бұл іске өзеннің арғы бетінде тұратын ағайынның айтар алғысы шексіз, Өзгент ауылының тұрғыны Орынбасар Сқақов ағынан жарылып:
– Біздің балалық шағымызда дарияда паромдар болатын. Одан кейінгі жылдары қалқымалы көпір болды. Ауданға қатынау өте қиын еді. Қыстың күндері оларды жинап тастап, мұз үстімен өткен сәттер де бар. Суға кетіп, қасіретке тап болған жағдайлардан көпір құтқарды. Тәуелсіздіктің елімізге берген сыйы көп, – деді.
18 желтоқсан 2021 ж. 351 0