№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 2007 жыл: Жаңа көпір – жаңа өмір

2007 жыл: Жаңа көпір – жаңа өмір


Көпір салу – сауапты істің ең асылы. Халық арасында қатынасты тежеп, ел экономикасына кері әсерін тигізіп тұрған өзекті мәселенің түйіні тарқатылып, ел игілігіне жаңа көпір салынуы тарихы сәт деуге негіз бар. Көпірдің тапшылығын тартқан дарияның арғы бетіндегі ауылдардағы ағайынға қуаныш сыйлаған күн туралы деректер тарих қойнауынан сыр шертеді.

Сан ғасырлар бойы аудан орталығына қатынаудың қиындығын көріп, қыс болса мұз қатып, көктемде сел жүріп, дариядан қайықпен кесіп өтудің машақатын көрген азаматтар арамызда жүр. Соның бірі – Балтабай Мырзабайұлы жастық шағын еске алып:
– Қойшының баласы едім. Орталықтағы интернатта білім алдым. Үйдің ересегі болатынмын. Менен кейін 2 бауырым да оқушы еді. Бір күні көктемгі демалысқа шығып, үйге қайтпаққа жолға шықтық. Дария тұсына келсек, сел жүріп жатыр екен. Қайықшы ата қауіп көп болғандықтан, арғы бетке қатынамайтынын айтқан. Сонда да үйді сағынған соң, суға лап бердік. Ең кішкентай інім қолдан мықтап ұстап алып, мұздан мұзға қарғып, арғы бетке өтуге тырысып бақтық. Жағалауға жақын қалған шақта, ортаңғы інімнің секірген мұзы көтермей, інім суға түсіп кетті. Құтқаруға еш мүмкіндік болмады. Құлағымда ащщы даусы қалды, – деп өкінішпен еске алады.
Мұндай қайғылы жағдай аудан төңірегінде жиі болатын. Бір жылдары мұнда аспалы көпір де орнатылғанды. Ол да көп ұзамай-ақ, суға кетіп, жарамсыз болып қалды. Осындай әлеуметтік мәселені оңтайлы шешудің жалғыз амалы көпір салу еді.
Ауданның экономикалық дамуына серпін берген көпірді “Трансқұрылыскөпір” ЖШС-нің құрылыс бригадасы 10 айда салып аяқтады. Ұзындығы 330 метр, ені 10 метр болатын ең үлкен көпірдің ашылу салтанатын ел тағатсыздана күткен еді. Құрылыс жұмысына “Қызылқұм” АҚ қорынан 1906913 теңге бөлінді.
Ең қызығы осы көпірден алғаш рет көлік өту рәсіміне ие болған “Хорасан1” кенішінің сол кездегі жүргізушісі Бекболат Алтыбаев тамаша сәтті еске алып:
– Алып көпірдің құрылысы басталғанда бір жыл ішінде біте қалады дегенге сенбегендер көп болды. Соның бірі өзі едім. Кеніште руда таситын 3 бригада қызмет еттік. Біз осыған дейін Бесарық арқылы жол жүретінбіз. Бір күні көпір аяқталды деген хабар естіп, көпір арқылы өтуге бетбұрдық. Кеніштен шыққан бойда көпір маңында адамдардың жиналып қалғанын байқадық. Көпірден өтіп тоқтаған сәтте біреулер “Сіз осы көпірден алғаш өткен адамсыз” деп құттықтап жатты, – деді.
Көпірдің ашылу салтанатына сол кездегі облыс әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуының өзінде үлкен идеология жатқандай. Орта Азияда имандылықтың шырағын жаққан Хорасан ата кесенесін қалпына келтіру жұмысы жасалып, ашылу салтанатына тұспа-тұс келген көпірдің атауын да Хорасан ата деп атады.
Хорасан Ата кесенесінің ашылу салтанаты аудандағы ең ірі кеніштердің ашылуына себепкер болды. Көпірдің құрылысы аяқталысымен осы маңдағы бірнеше кеніш зерттеліп, игеріле бастады. Жылына 2000 тоннадан астам кен өндірілді.
Жаңа көпір ашылған жылы кент орталығында бірнеше мекемелер жаңа ғимаратқа қоныстанды. Атап айтсам, “Жаңақорған тынысы” газетінің ғимараты, Натариалдық кеңсе, Халыққа қызмет көрсету орталығы және “Халық банк” Ақ-ның аудандық филиалының ғимараты бірінен соң бірі ашылу салтанатын өткізіп, халықтың емін-еркін қызмет алуына жағдай туғызды. Сондай-ақ, осы жылы кент орталығында Хиссамеддин мешіті ашылу салтанатын өткізіп, балаларға діни сабақтар өткізе бастады.
Айта өтейік, осы жылы үш жылдың ішінде салынуы тиіс 100 мектеп пен 100 аурухананың алғашқыларының іргетасын қалау жұмыстары да осы жылы басталып кетті.
Мақпал МАРҚАБАЙ
02 қазан 2021 ж. 412 0