Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәуелсіздік құрдасы: Нұрсұлтан ордалы отыз жаста

Тәуелсіздік құрдасы: Нұрсұлтан ордалы отыз жаста

Ресми деректерге жүгінсек, Қазақстанда Тәуелсіздіктің төл құрдастарының саны 10 мыңға жуықтайды. Олардың 18-і жаңақорғандық жастар. Жалпы, егемендік алған 1991 жылы дүние есігін ашып, бүгінде ордалы отыз жастың төріне қонған азаматтардан біз танитындардың көбі сан салада қызмет етіп келеді. Кәсіпкерлік, спорт, өнер, мемлекеттік қызмет, құқық қорғау саласында да аудан жауапкершілік жүгін көтеріп жүрген жастар аз емес. Біз мереке қарсаңында солардың ішінде ел ішінде еңбегімен көзге көрініп жүрген жандардың жартысын ғана қағазға түсірдік. Әйтпесе барлығын бір мақалаға сыйдыру әсте мүмкін емес.
Иә, 1991 жыл қазақ елі өзінің егемендігін жариялады. Бұл тарихта таңба болып, ұлт үшін ұлы мерекеге айналды. Кешегі желтоқсан оқиғасына себепші жалынды жастардың арқасында Қазақстан өз билігін уысында ұстады. Сол жылы өмірге келген сәбилердің көбі Азат, Нұрсұлтан сынды есімдерді иеленді. Біздің алғашқы кейіпкеріміздің де есімі Нұрсұлтан.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Құл­мыр­заевтар шаңырағы ұлды болуын сүйіншіледі. Қос тойы қабат келіп жатқан әулетке келген маңдайы торсықтай ұлға әжесі халықтың ұлы болсын деп «Нұрсұлтан» есімін береді.
Ол білім табалдырығын №163 орта мектепте аттайды. Бала кезінен темір тұлпарға телміріп өскен Нұрсұлтан өсе келе ағаларымен бірге көлік жөндеуді үйрене бастайды. Көп өтпей өзі де кез келген көлікті жөндей алатын дәрежеге жетеді. Мектеп қабырғасын бітіргеннен кейін Отан алдындағы борышын өтеуге әскерге аттанады. Павлодар қаласында әскер қатарында болған ол сол жақта да көлікті тізгіндейді.
– Бала кезімнен техника тілін түсініп, болашағымды осы саламен байланыстыруды жөн көрдім. Сол себепті, әскерде де жүргізушілікті мойныма жүктедім. Тәуелсіздікпен түйдей құрдас болу мен үшін үлкен мақтаныш. Әсіресе, ел сөз етіп, марапат биігіне көтерілгенде жігерленіп, күш қайратым еселенеді. Біз секілді жастар елдің ертеңі, келешек ұрпаққа өнеге көрсететіндей болуымыз керек. Сондықтан, ел үшін маңдай тер төгіп, адал қызмет ету парыз деп білемін, – деді.
Осындай ер азаматты өмірге әкелген ақ жаулықты ана Зүбайра Омарқызы: «Нұрсұлтан бала кезінен дала жұмысына епті болды. Үйдің еркесі болса да тәртіпті болатын. Қара шаңырақтың егесі болғандықтан жауапкершілікті өзіне артатын едік. Ана жүрегі қашанда балаға тілекші ғой, сондықтан ұлым қайда жүрсе де амандығын тілеп отырамын» – деді.
17 желтоқсан 2021 ж. 303 0