№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәуелсіздік құрдасы болу – зор мақтаныш

Тәуелсіздік құрдасы болу – зор мақтаныш


Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Міне, осылай 1991 жылы дүниеге келген Тәуелсіздіктің төл құрдастары 30 жаста. Бүгінде бірі мұғалім, бірі спортшы, енді бірі кәсіпкер ретінде әр саланың тұғырын тізгіндеп, елдің дамуына үлес қосып келеді.


Арманы асқақ, Отанға деген ыстық сезімі бар, өресі биік, мақсаты зор Тәуелсіздік құрдастары жетерлік. Солардың бірі Нұрсұлтан Қамбаров. Дарынды жас бүгінде жеке кәсібін жандандырып, Тәуелсіздік құрдасы елмен бірге өсіп, қатарластарымен бірге өркендеп келе жатқанын мақтан тұтады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің сөзінше отбасында оның туған күні ерекше мереке, себебі әр туған күндегі құттықтау сөздері тәуелсіздік құрдасының мойнына жауапкершілік артып, іргелі мемлекет үшін мақтаныш сезімін еселейтінін анық байқадық.
Иә, ол заманауи кәсіпті игерген, өз ісіне өте берілген жан. Себебі, замана талабы солай. Біздің кейіпкеріміз де кенттегі «Аққу» сауда орталығында халыққа қызмет көрсету орнын ашқан жас кәсіп иесі. Ол – тәуелсіздіктің төл құрдасы. 1991 жылдың 23 желтоқсанда дүние есігін ашқан. Қызылордадағы «Болашақ» университетін «бағдарламашы» мамандығы бойынша бітірген. Заманның ағымы болар, қазіргі таңдаған бағыты – ұялы телефон жөндеу.
– Біздің, яғни жастардың бағына орай қандай кәсіп бастаймын десең де, мүмкіндік көп. Мен кішкентайымнан бұзылған сағатты жөндеуге құмар болдым. Мектеп бітіргеннен кейін «бағдарламашы» мамандығына таңдауым түсті. Оқу орнында ақпараттық технологияның қыр-сырына қанықтым. Ауылға келгеннен кейін ата-анаммен ақылдаса келе, кәсіп ашуды қолға алдым. Әрине, алғашқыда қиындау болды. Ұялы телефон жөндейтін құрылғыны түгендеуге біршама уақыт кетті. Шүкір, бүгінде бәрі қалыпты. Әрине, тәуелсіз мемлекетте дүниеге келгеніме қуанамын. Тәуелсіздік таңымен таласа дүние есігін ашқандықтан, бұл күн мен үшін ерекше ыстық. Мектепте орыс сыныбында оқығаныммен, қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қызуғышылығым басым болды. Біз – жастар еліміздің осы тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарына сүйсінеміз. Әрине, аға ұрпақ бастаған тарихи жолды жалғастыратын да бүгінгі жастар екенін түсінеміз. Тарих үшін азғантай уақытта, яки 30 жылда еліміз өткен жолдың өткелекті болғаны да рас, – дейді, Нұрсұлтан Шералыұлы.
Нұрсұлтан бұл жетістікке өз күшімен, таза еңбекпен жеткен азаматтың бірі. Ол өзінің студенттік шағының өте қызықты өткенін айтады. Ата-анасына салмақ түсіруді қаламай, түске дейін сабақта, түстен кейін қосымша жұмыс жасап, күнделікті нәпақасын өзі таба біліпті. Бүгінде ауданға белгілі азамат күнделікті жұмысынан қолы қалт ете қалғанда, ала допты серік етеді.
Тәуелсіздік алған 1991 жылы туған балаларға ата-аналары жаппай Нұрсұлтан есімін қойғаны есімізде. Жақсы есім оның болашағына үлкен бағдар іспетті. Содан болар ата-бабаларымыз балаларына қол бастаған батырдың, сөз бастаған шешеннің есімін беруге құштар. Біздің кейіпкеріміз Нұрсұлтанның да Нұрсұлтан аталуы тегін емес.
Осылайша, кәсіп пен спортты тең игерген кейіпкеріміз келешекте кәсібін кеңейтіп, қызмет көрсету аясын ұлғайтуды көздейді. Тек ол үшін қажырлы еңбекқорлық пен жалынды белсенділік қажет. Бұл екі қасиет те Нұрсұлтанның бойынан табылатыны айқын.

Әсел РЗАЕВА
22 мамыр 2021 ж. 1 301 0