№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Прагматизм прогреске бастайды

Прагматизм прогреске бастайды


Елбасының «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Рухани жаңғыру», Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мән-мазмұнымен сабақтас, бір-бірін толықтыратын «Елдіктің жеті қыры» қағидаттар жиынтығын үлкен толғаныспен оқып шықтым, әрі түйдек-түйдек ой түйдім. Сөйтіп елдік мұрат жолында Елбасының сіңірген еңбегін екшеледім.


Шынында, есін жиып, етегін қымтаған елдің ең бірінші қолға алатын басты мәселесі – шекара шебін бекемдеу. Бұл тұрғыда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ қарекет етіп, мемлекеттік шекараны шегендеп, халықаралық келісім-шарттарды бекітіп алды. Қазақстанның шекара мәселесін шешудегі ең басты нәтижесі – болашақ ұрпаққа бейбіт және тұрақты шекараны қалдыру.
Бұған дейін де Елбасы прагматизм принциптерін түсіндіріп келсе, жеті тұғырдың қорытындысын осыған арнапты. Прагматизм неге маңызды? Мұның байыбын түсінуде Нұрсұлтан Әбішұлының: «Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді», деген сөзіне мән беру керек.
Бүгінде «Көрпеңе қарай көсіл» ұлағатын ұстаным еткендер азайды. Соның салдарынан екінші деңгейлі банктерге қарызданып, кредитін төлеуге қиналып жүргендер көбейді. Бұған не себеп болды? Тағы да өзіміздің даңғойлығымыз бен мақтаншақтығымыз себеп болып отыр. Міне, Тұңғыш Президент осыны тағы да түсіндіріп берді.
Біз отбасы құндылықтарын ұстанып, елмен бірге дамуда прагматизм құндылығын ұстануымыз тиіс. Себебі прагматизм прогреске бастайды.

Әбіл СЕЙДАНОВ,
еңбек ардагері,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

08 желтоқсан 2021 ж. 355 0