№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білімнің кілті – балабақшадан

Білімнің кілті – балабақшадан


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында жолдаған жастарға үндеуінде білім мен еңбек бақуаттылықтың кілті екенін айтып, «Табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде.Адал еңбек қана адамды мұратына жеткізеді. Осыны жастардың санасына сіңіру қажет» деді. Білімнің тарыдай болсын бөлшегі балабақша қабырғасында қаланады.

Бала – Алланың аманаты. Кез келген ата-ана сәбиін дүниеге әкелген соң оны білімді, өмірге қабілетті етіп қалыптастыруға ұмтылады. Әсі­ресе денсаулығына аса мән беріп, алаңдайтыны рас. Осы ретте аудандағы «Арнайы балабақшаға» жүгінетін ата-аналар қарасы көп. Даму үдерісі кешеуілдеген балаларының тез жетілуіне көмегі бола ма деген үкілі үмітпен осы тәрбие ошағына табан тіреген ата-ана ойынан шығуда оңды қадамдар да аз емес. Өйткені бүгінде білім берудің жаңа технологиялары дамыған. Баланы жан жақты дамытудың әдіс тәсілдері көп. Соның арқасында балалар қалыпты өмірге тез дағдыланып жатады.
Мәселен, мектепке дейінгі балаға білім берудің жаңа әдісі бойынша инклюзивті білім беру, яғни «Білім – баршаға» бағдарламасының нәтижесі үлкен. Бұл – әлеуметтік  бейімделу, тәрбиелеу,  ерекше  сұранысқаие балалардың жағдайы мен олардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған жүйе. Сұраныс пен мүмкіндікті ескере отырып, баланың жан-жақты дамуына жағдай жасап, оның денсаулығы мен дамуына ден қою. Баланың қалыптасу деңгейіне қарап таңдалып алынған бағдарламалар олардың ортаға тез бейімделіп, қалыпты жағдайға үйренісіп кетуіне септігін тигізеді.
Айта кетейік, инклюзивті білім беру немесе «Білім баршаға»  бағдарламасы  барлық балаларға, мектепке дейінгі оқу  орындарында,мектеп өміріне  белсене араласуына  мүмкіндік  береді. Осы тұста дамуы ерекше күтімді қажет ететін балаларға педагогикалық көмек көрсету маңызды. Өйткені әр баланың қабілетін анықтап, мектепке дайындау, ерекшесұранысқа  ие  балалардықанағаттандыру мақсатында білім беру мекемелерін техникалық  құрал-жабдықтармен толықтыру және инклю­зивті білім беруді  дамыту үрдісінде ата-ананы қатыстыру – жобаның  өзектілігі  болып есептеледі.
Иә, бала болашағымыз. Ал, ұлт болашағы жарқын болуы үшін ұрпақтың денсаулығы мен сапалы білім алуын қамтамасыз ету басты міндет. Осы ретте инклюзивті  білім  беру арқылы ерекше балаларға тең құқылы тұлға болып қалыптасуға мүмкіндік жасаужұмыстары жолға қойылды. Демек инклюзивті  оқыту – білімалу  барлығына  дақолжетімді  болуы керек деген қағидаға негізделді.
Ұлбосын ДАНЕБЕКОВА
05 желтоқсан 2021 ж. 459 0