Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Жөтелге қарсы халық емін пайдаланып жүрсіз бе?

Жөтелге қарсы халық емін пайдаланып жүрсіз бе?


Жөтелге қарсы халық емін пайдаланып жүрсіз бе?

Грек жаңғағының 500 г ұнтақталған дәні, 300 г бал, 100 г алоэ шырыны, 4 лимонның шырынын араластырып, балалар – 1 шай қасықтан, ересектер – 1 ас қасықтан күніне 3 мезгіл, тамақтанардан жарты сағат бұрын ішіп жүрулері керек. Бұл дәрінің әсері көп күттірмейді.
Дәріханалық жөтелге қарсы дәрінің 2-3 түйірін бал немесе тәтті тосап қосылған ыстық шайға ерітіңіз. Осы шайды ересек адам тәулігіне 3-4 рет ішсе жетіп жатыр.
Құрғақ жөтел ұзаққа созылса, 1/4 стақан сары майға 1 жұмыртқаның сарысы мен қалауыңызша құмшекер қосып, араластырыңыз. Осы қоспаны күніне 2 рет 2 шай қасықтан ішіңіз.
Жөтелмен бірге тамағыңыз қырылдап, даусыңыз бұзылса, 1/2 стақан мейізді 1 стақан суға қайнатып алып, үстіне 1 ас қасық пияз шырынын қосыңыз. Тұнбаны жылы күйінде жатар алдында түгелдей немесе бір стақанды үшке бөліп, тамақтанардан 20 минут бұрын күніне 3 рет ішу керек.
18 қараша 2021 ж. 1 050 0