№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Витилигоның емі бар

Витилигоның емі бар

     Ақ дақтан арылуға ай жетпейді. Емделу уақыты өте ұзақ. Ал халық медицинасы аз күннің үшінде ақ дақтан арылып, теріңізді қайта қалпына келтіретін ем ұсынады.

   Бүгінге дейін витилигоның қайдан пайда болатыны, неден шығаты туралы нақты дерек жоқ. Ол бірден пайда болады да аз уақыттың ішінде жайылып көбейеді. Оны емдеу үшін бір ғана дәрігердің емі қауқарсыз. Денедегі ақ дақтарды жою үшін шашыңыздың түбінен бастап, аяғыңыздың тырнағының ұшына дейін толық тексерілуден өтуіңіз керек. Сан түрлі сараптама жасатып, қан тапсыруыңыз шарт. Бұдан кейін де нақты диагноз қойылмайды. Сонан соң жобалап ем қабылдауды бастайсыз. Ақ дақтан арылуға ай жетпейді. Емделу уақыты өте ұзақ. Ал халық медицинасы аз күннің үшінде ақ дақтан арылып, теріңізді қайта қалпына келтіретін ем ұсынады.

  Емді бастаған кезде ащы, майлы тағамдарды шектеңіз. Ал спиртті ішімдіктер мен шылым шегуді мүлде ұмытыңыз. Сонымен қатар күйзеліске түсуден, стреске шалдығудан сақ болыңыз. Дастарханыңыздан беке, жүзім, шие, алмұрт, қауын, шабдалы, қарақат, баялды, асқабақ, фасоль, сәбіз, қияр, болгар бұрышы, ақжелкек секілді жемістер мен көкөністердің үзілмеуін қадағалаңыз. Бауырды, бұзау етін көбірек жеңіз. Шай орнына ақтаспа, бабырауын, қазтамақ тамырын, беде шөбін, бақбақ, тікенгүл, балдыршөп, қойбүлдірген мен итошаған шөптерінен қайнатпа дайындап ішіңіз.

* Эмаль ыдысқа 2 литр су құйыңыз. Оған 40 дана пісіп жетілмеген жасыл грек жаңғағын саласыз. Қайнауға дейін жеткізіңіз де, отын баяулатып бүлкілдетіп қайнатыңыз. Шамамен 30 минуттан соң 0,5 келі бал қосып, тағы да 10 минут қайнату керек. Белгіленген уақыттан соң отты сөндіріп, қайнатпаны сүзіңіз. Дайын болған емді тұнбаны күніне 3 рет тамақтанудан алдын 1 ас қасықтан (балалар үшін 1 шай қасық) қабылдайсыз. Артынан 1 дана жаңғақты жейсіз.

* 100 гр. әністі ұнтақтаңыз. Оны 0,5 литр зәйтүн майымен араластырып, күн тимейтін жерге қоясыз. Шамамен 1 айдан соң тұнбаны алып, ақ дақтарға сіңдіре отырып жағасыз. Көп уақыт өтпей-ақ дақтың орны тарайып, теріңіз өз түсін қалпына келтіреді.

* Эмаль ыдысқа 1 стақан қайнаған су құясыз. Оған 2 ас қасық ұнтақталған шайқурайды қосып, баяу отқа қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, ыдысқа құйып қойыңыз. Емдік қасиеті мол тұнбамен күніне 2-3 рет дақтардың орнын сүртесіз. Бұл емге қоса 1/3 шай қасық гүл тозаңын қабылдау керектігін ұмытпаңыз. Ем кезінде мүмкіндігінше күнге шықпағаныңыз жөн.

* 5 гр. ұнтақталған шалғам дәніне 1 шай қасық алма сіркесуын араластырыңыз. Дайын болған қоспаны дақтың үстіне компресс жасаңыз. Оның үстіне қауын шырынына малынған мата қойыңыз.

* Витилигоға ақжелкен мен лимон шырындарын араластырып жақсаңыз да, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз.

* Шайқурай, сәлбен, қалақай мен жолжелкен, киікоты, қырмызыгүл, түймедақ шөптерінен білгілі бір мөлшерде алып, жақсылап ұнтақтаңыз. Бәрін бір ыдысқа салыңыз. Оның 4 ас қасығын 2 стақан қайнаған суға салып, 15 минутқа ыдысымен қайнаған суға салып, бұлау жасайсыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 2/3 стақаннан күніне 3 рет қабылдайсыз. Емді тамақтанудан жарты сағат бұрын жүргізіңіз. Егер үзбей тиянақты түрде жасасаңыз, 2 айдан кейін оң нәтижеге қол жеткізесіз.

* Егер шайқурай, сүйелшөп, сәбіз, інжір, қауын, көгілдір пияз, қырыққабат өзегінен дайындалған шырынмен күніне 3 рет ақ дақты сүртсеңіз де жақсы нәтижені байқайсыз.

* 5 ас қасық қыша ұнтағын 1 стақан 9 пайыздық сірке сумен араластырып, витилигоны сүртесіз. Күніне 2-3 рет емді жүргізсеңіз, аз уақыттың ішінде ұнамсыз дақтан арыласыз.

* Балалар кремін немесе вазелинді алыңыз. Оған ацетилсалицил қышқылын ұнтақтап араластырыңыз. Осы қоспаны даққа жағып, күнге қыздырыныңыз. 10 күннен соң дақтың орны қарайып, теріңіз өз түсіне келеді.

  Анықтама: ақтаспа – астрагала, балбырауын – бедренец, қазтамақ – герань, беде – клевер, бақбақ – одуванчик, тікенгүл – репешок, балдыршөп – ряска, қойбүлдірген – земляника, итошаған – череда, әніс – анис, шайқурай – зверобой, сәлбен – шалфей, қалақай – крапива, жолжелкен – подорожник.

Дайындаған Ерлан АБДРАСИЛОВ.

28 ақпан 2019 ж. 2 805 0