Ауа райы туралы халық болжамдары
Жауын немесе боран жұма күні басталса, ол келесі жұмаға дейін созылады.
Жазда құйын көп болса, қыс аязды болады.
Егер қараша айында күн күркіресе, қыс қысқа болады.
Қыста Күн батарда көкжиек ашық болса, ауа райы жайланады.
Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы болады.
Қыста Күн құлақтанып шықса, қатты аяз, не боран болады.
Киік топ-топ болып басқа жаққа бет алса, онда ауа райы қатты бұзылып, суық болады деген сөз.
Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса, дауыл немесе боран болады.
Қараторғайлар топтанып ұшып, аспанда неше түрлі қимылдар жасаса, күз ұзаққа созылады.
Жылан мезгілінде ұйықтамаса, күз ұзақ, әрі жылы болады.
Егер жылқы оқыранып жатар болса, боран соғуға тиіс.
Егер қой тұяғымен төсін қасыса, қар қалың түсуге тиіс.
Егер қой тісін қайраса, кешікпей-ақ боран болады.
Егер қой қыстың күні қой қораға еркін кірсе, ауа райы жақсы болуға тиіс.