Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Апталық шолу

Апталық шолу

Жаңақорған аудандық сотының өндірісіндегі азаматтық істерге байланысты апталық шолу назарларыңызға ұсынылады.
2021 жылдың 8-15 қазан аралығында аудандық соттың өндірісіне 15 талап арыздар келіп түсті. 11 азаматтық іс қаралып, 9 іс бойынша шешім шығарылды.
Сонымен қатар қайтарылған арыздар саны 3, 2 талап арыз қараусыз қалдырылды, 5 іс сот бұйрығының шығарылуымен аяқталды.
Осы аптада қаралған істерге тоқталар болсақ:
Аудандық сотына арыз беруші Е., адамның қайтыс болуы жайлы заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы арызбен жүгінген.
Іс құжаттарында анықталғандай, арыз беруші Е. арызында әкесі Е-нің. Жаңақорған кентінде өзінің үйінің ауласында жіпке асылып қайтыс болғанын, оның қайтыс болғандығы жөнінде дәрігерлік анықтама алынбағанын, сол себепті АХАТ бөлімі оның қайтыс болғандығын тіркемегендігін, АПБ-нің қызметкерлері қылмыс белгісі жоқ екендігі туралы анықтама бергенін, сондықтан әкесінің 2007 жылы 4 қазанда қайтыс болу фактісін анықтап беруді сұраған және бұл фактіні анықтау қайтыс болу туралы куәлік алу үшін қажет екендігін көрсеткен.
Куәлер сот отырысында арыз беруші Е-нің әкесінің өзінің үйінің ауласында жіпке асылып қайтыс болғанын және оны жерлегенін растайтындарын көрсеткен.
Қазақстан Республикасы АПК-нің 305 бабының 2 бөлігінің 8 тармағында «соттың азаматтық хал актілерін жазу органдары қайтыс болуды тіркеуден бас тартқан жағдайда, адамның белгілі бір уақытта белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуы фактісі туралы істерді қарайтындығы» белгіленген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 292- бабында, сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттары өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтірілуі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайтындығы көрсетілген.
Аудандық соттың шешімімен арыз беруші Е-нің арызы қанағаттандырылып, оның әкесі Е-нің қайтыс болу фактісі анықталды.
Келесі кезекте арыз беруші Жаңақорған аудандық сотына арыз беруші Жаңақорған ауданының әкімі жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және оған коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызбен жүгінген.
Іс құжаттарында анықталғандай, арыз беруші Жаңақорған ауданының әкімі Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде орналасқан 1980 жылдардың соңымен 1990 жылдардың басында салынып басталып, аяқталмай қалған темір жол үстінен өтетін жол өткелі иесіз болып табылатын және меншік иесі жоқ жол өткелі ешкімнің атына тіркелмегенін, 2020 жылғы 25 ақпанында- иесіз мүлік ретінде есепке қойылғанын және осы уақыттқа дейін меншік иесі белгісіз екенін, құқықтарын даулайтын өзге де тұлғалар жоқ негіздеп арыз беруші жол өткелін иесіз мүлік ретінде танып, оны Жаңақорған ауданы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беруді сұраған.
Сот отырысында арыз берушінің өкілі арызын қуаттап, соттан оны қанағаттандыруды сұрады және аталған жол өткелі бойынша меншік құқығы тіркелмеген, жол өткеліне ешкімнің дауы болмаған және соңғы бес жылда салық төлемедерін толеу туралы мәліметтер жоқ болмағандығы анықталды.
Қазақстан Республикасының АПК-нің 360-бабы 2-бөлігінің талаптарына сай, сот жылжымайтын мүліктің меншік иесінің жоқтығын не оның меншік құқығын сақтау ниетінсіз тастап кеткенін және белгіленген тәртіппен есепке алынғанын тани отырып, жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығын тану туралы шешім шығарады деп бегіленген.
Аудандық соттың шешімімен арыз беруші Жаңақорған ауданы әкімінің жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және коммуналдық меншік құқығын тану туралы арызы қанағаттандырылды.
Тарихтың қалтарысында қалып бара жатқан апта ішіндегі Жаңақорған аудандық сотының өндірісіне түскен істердің көрсеткіші осындай.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
15 қазан 2021 ж. 449 0