№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АРМЫСЫЗДАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ

АРМЫСЫЗДАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ


Бұл аптаның да айтары көп болды.
Апталық шолуда Жаңақорған аудандық сотының өндірісіндегі айшықты оқиғаларды талдап таразылаймыз.
Алдымен аңдатпа:
2021 жылдың 24 қыркүйегімен 1 қазан аралығында аудандық соттың өндірісіне 16 талап арыз келіп түсті. 8 азаматтық іс қаралып, 4 іс бойынша шешім шығарылды.
Сонымен қатар қайтарылған арыздар саны 5, тараптардың татуласуымен 1 іс өндірістен тоқтатылып, 1 арыз қараусыз қалдырылған, 2 іс сот бұйрығының шығарылуымен аяқталды.
Сонымен қатар осы аптада қаралған істерге тоқталар болсақ:
Арыз беруші Б., 1982 жылдың 30 сәуір айынан Жаңақорған ауданы Бірлік совхозында жұмысшы болып жұмысқа қабылданып, 1997 жылдың 13 қаңтарына дейін істегенін, зейнетақы тағайындау кезінде осы 14 жыл 9 ай жұмыс істегені еңбек өтіліне есептелмегенін, осы аталған мекеме орындарында жұмыс жасаған еңбек өтілімі туралы заңдық маңызы бар фактісін анықтауды сұраған арызымен жүгінген.
Сот отырысында куәлар И мен К-ның арыз берушімен 1982-1997 жылдар аралығында бірге жұмыс істегендерін айтып көрсетті.
Аталған азаматтық іс бойынша сотта іс құжаттарымен куәлердің түсініктерімен дәлелін тапты.
Аудандық соттың шешімімен арыз беруші Б-ның заңдық маңызы бар фактісін анықтау туралы арызы қанағаттандырылып, оның 1982-1997 жылдары аралығында жұмысшы болып жұмыс істеген фактісі анықталды.
Келесі кезекте талап қоюшы Б., жауапкер О-дан некені бұзуды сұраған талап қою арызымен жүгінген.
Тараптардың некесі 2014 жылы тіркелген.
Талап қоюшы талап арызында араларында кәмелетке толмаған балаларының барын, жауапкермен мінезі жараспайтынын, одан әрі отбасын сақтап қалудың мүмкін еместігін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.
Сотта тараптарды татуластыру мақсатында және ортақ кәмелетке толмаған балалардың мүддесін ескеріп, татуласу мерзімі берілген.
Алайда сот ұйғарымымен тараптарға татуласу мерзімі берілгенімен тараптар татуласпаған.
Аудандық соттың шешімімен Б-ның талап қою арызы қанағаттандырылып, араларында тіркелген некесі бұзылды.
Тарихтың қалтарысында қалып бара жатқан апта ішіндегі Жаңақорған аудандық сотының өндірісіне түскен істердің көрсеткіші осындай.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
01 қазан 2021 ж. 273 0