МЕДИАЦИЯ САЛАСЫ-ДАУДЫ ШЕШУ КЕПІЛІ
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ СОТЫНДА БІР КҮНДЕ БЕС АЗАМАТТЫҚ ІС МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ТОҚТАТЫЛДЫ
Бітім бағзыдан бар ұстаным. Айыбы ауыр болмаса ілгерідегілердің ізімен мәмілеге келу қай тарапқа да тиімді.
Сондықтан бүгінде істі сотқа жеткізбей және сот отырысында медиация тәртібімен шешу кең өріс алуда.
Бүгінде сот процесінде болып жатқан көптеген істердің оңтайлы шешім табуына, сот өндірісіндегі істердің тоқтатылуына, шығындардың азаюына медиация саласының тигізер септігі мол.
Аталмыш «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы осы уақыт аралығында өзінің өзектілігін дәлелдеуде.
Дау мұраты бітім екенін түсінген тараптар медиация тәртібімен мәселесін шешуге ынталы.
Мұны аудандық сот өндірісіндегі көптеген істердің бітіммен шешіліп жатқандығынан да байқауға болады.Әділ төрелікке негізделген алаңда көбіне алимент өндіру, қарыз ақша өндіру мәселелеріне қатысты істер сотқа жетпей және сотта өз шешімін табуда.Аталған медиация тетігін пайдалану арқылы Жаңақорған аудандық сотының судьясы Э.Рысқұловтың өндірісіндегі бес азаматтық іс медиация тәртібімен өз шешімін таптыСудья істерді қарау барысында тараптарға медиация тәртібінде татуласуға болатыны жайлы, медиативтік процедураны өткізудің негіздері мен тәртібін және де дауды реттеу туралы келісімнің салдарын түсіндіріп берді.Сот барысында іске қатысушы тараптар бір-бірлерімен медиация тәртібімен татуласқандарын көрсетті.Нәтижесінде аталған бес азаматтық іс сотпен тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты тоқтатылды.Қазақ халқы үшін бітімгершілік-билік айтудың ең озық өнегесі. Қазақстан Республикасында «Медиация туралы» Заңының қабылдануы өркениет көшіне батыл бет түзеген біздің қоғамымызда оң өзгерістердің жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі екендігін айғақтайды.Себебі, медиация бұл қазақ халқының ұлттық болмысына ең жақын ұғым. Тарихқа тереңдемегеннің өзінде қазіргі дамыған АҚШ. Ұлыбритания, Германия секілді алпауыт елдерде де бұл тәсіл тиімді қолданылып келеді.Ендеше, сот жүйесіне бітімгерлік тәсілін енгізу қазақ халқының бүкіл әлемге үлгі етерлік шешендігі мен көсемдігін жаңғыртуға жасалған игі қадам.Сондықтан істі бітіммен шешу мәселесі шалғайдағы жұрттың тірлігіне тірек болары құптарлық.Ел ішіндегі кейбір кикілжің, дау-дамайларды сотқа жеткізбей шешуге медиация қызметінің ықпалы зор.Тараптар медиация рәсімі істің жылдам шешілуіне, олардың өздеріне қолайлы шешімге қол жеткізуіне ықпал ететінін түсінді.Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.