Төрт түлік малды бірдейлендіру
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы негізінде;
Жеке және заңды тұлғалар: Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;
Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені туралы хабарлауға міндетті.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды, ветеринариялық паспортты сатып алуға арналған шығыстар республикалық бюджет есебінен жүргізіледі, яғни бірдейлендіру жұмыстарына мал егесі ешқандай ақша төлемейді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына сәйкес жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру ауыл шаруашылығы жануарларының иелері берген өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіріледі:
бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
құлындар – төрт айлық жасынан бастап;
асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және жұртшылық шаруашылықтарында күтіліп-бағылатын торайлар – үш айлық жасынан бастап;
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.
Ірі жануарлардың аспалы сырғаларының біреуі жоғалған немесе бүлінген кезде (ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін анықтау мүмкін болмаған жағдайда) ауыл шаруашылығы жануарының иесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына аспалы сырғаның түпнұсқасын беру туралы өтініш бере отырып жүгінеді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын белгіленген орындарда (мал базарларында) сатып алу керек. Сатып алынған малдың құжатын (вет.паспорт) мал егесінен талап етуге құқыңыз бар. Базардан тыс жерден (көрші, таныс т.б) сатып алынған малдың құжатын (вет.паспорт) талап етіп, осы құжат арқылы мал алушы алынған малды өз атына тіркетуге міндетті.
Ауыл шаруашылығы жануарлары ұрланған жағдайда малдың құжаттары болмауы оларды табу мақсатында жүргізілетін жедел іздестіру шаралары барысында қиындықтар тудырады. Малдың таңбасын бұзып, сырғасын алып тастаған күнде вет.паспорттағы көрсетілген малдың жынысы, жасы, түр-түсі арқылы өз малыңыз екендігін дәлелдеуге болатынын түсіндіреміз.

Қызылорда облысының ветеринария
басқармасының«Жаңақорған аудандық
ветеринариялық станциясы» КМК