Бір жұтым ауа бірлікке жұмылдырды
Соңғы кезде бүкіл әлемді тітіретіп тұрған коронавирустың қармағы жас, кәрі демей жағадан алған, ауыр сойқанның қатарында қарлы қабағын жылытар емес. Оның адам өміріне соншалықты қауіптілігі сан мәрте айтылып, насихатталып жүргенімен басына түспеген жанның онша сезінбесін көріп те жүрміз. Ал бірақ басқа түскенде өмір сүру дегенің де, жердің бетін тең басып жүру дегенің де айналып келгенде бір жұтым ауаның арқасында ғана мүмкін болатын тағдырдың кеңшілігін сезініп, жайшылықта денсаулықтың қадірі жөнінде бас ауыртып, бағасын білуге де ұмтылмайтын қаперсіздігімізге қатты өкінеді екенбіз.
Аяқастынан пневмония деген дертті жамап аудандық ауруханананың жұқпалы аурулар бөлімінен бір-ақ шықтым. Қойылған диагноздың қорқынышы бір бөлек, аурухана төсегінде неше түрлі асқынулармен қиналып жатқан науқастардың жай-күйін көзбен көзбен көрген соң көңілің түсіп, тіпті өмірден күдер үзгендей қалыпқа түсіп уайым жеңдеп жақсарып емес, кері кеткендей болған сәтте алдымен жақсы сөзімен араша түскен ақ халаттылардан артық шын жанашырдың болмасын жаныммен түсінгендеймін. Әсел Есдәулетқызы басқаратын ұйымшыл ұжымның ел басына түскеніне жыл жарымға жуықтап қалған көзге көрінбейтін жаумен аяқтарынан тік тұрып күресіп келе жатқандары туралы бұрын-соңды газет беттерінен оқып, елдің аузынан естіп жүр едім. Бұл жолы соның барлыығын өз көзіммен көріп, көңіліме терең орнықтырдым. Індеттің жаңа толқынының беталысы қатал, қысқа уақытта қыспағына алып қиын жағдайға соқтыратын қаупін де сезінгенде осындай отты қатердің айналамызда төніп тұрғанын білсек те қалайша қаннен-қаперсіз, қорғанбай-сақтанбай жайбарақат жүргенбіз деген ойдың жетегіне түскенімді жасырмаймын.
Еркіне тиіп еніп алса есіркеуді білмейтін тажалға қарсы екпе алуға да енжарлық танытып қанша уақытты ұттырып келгеніімізге де осындайда өкінеді екенсің. Бөлімдегі дәрігер Сопыбеков Нұрлан, орта буынды медқызметкерлер қатарында Берден Қажы, Естаев Жанар, Әбсаттар Хашия, Айдарова Меруерт, Табымбай Нұрдос, Нақипова Қарлығаш, Сейдакбарова Гүлден, Орынханова Айгүл сынды қыз-жігіттер қатерлі дертпен күресте жан аямай айқасып, аяқтарының ұшымен жүргенін көргенде саулық күзетінде күн-түн өз міндеттеріне адалдығынан танбаған асыл жандарға деген құрметіміз еселене түскенін жасырмаймын. Дәрігерлер ондай екен, мұндай деген қаңқу сөз де еріккенің сөзі, олардың ерлік сәттеріне куә болғың келсе еңбектерін көзіңмен көріп, жаныңмен сезін. Қанша жақын болса да жаныңа дерт келгенде сенің жанұяң да, бауырың да дәрменсіз, саулығыңа қатер төнген қауырт шақта қасыңнан табылып, аузыңа су тамызатын ақ халаттылар саған ата-анаңнана да жақын, жанашыр бір періште сынды. Осы орайда ақхалаттылар Бимұрзаева Орынкүл, Нұрсезім Жарасқызы, Ақнұр Аманқызы.
Мамбеталиева Ұлбосын, Серікбаева Ләйланың теңбегін ешнәрсемен теңестіруге болмайды.
Бір мақсатқа жұмылған дәрігер қауымына ұйымшылдық бірінен қымбат. Ал мына бөлімде, тап қазір ауртпалықтан еңсесін тік көтере алмай, өмір үшін арпалыс жүріп жатқан мекенде бір жұтым ауа үшін бірлікке жұмылдырған біілікті мамандардың еңбегіне өз басым ешнәрсені теңестіре алмас едім. Біршама жақсарып, жаңадан өмірге келгендей болып отырған осындағы емделушілердің барлыығының атынан аталған азаматарға еңбектеріңіз жансын дегім келеді.
Қалдыгүл ШЕРІМОВА,
ардагер-ұстаз