№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қарбыз дәнінің пайдасы

Қарбыз дәнінің пайдасы

Қарбыздың пайдасы, қарбыз шырынының пайдасының маңызды, пайдалы екенін бәріміз білеміз. Ал осы қарбыздың титімдей ғана дәнінің де бірталай пайдасы жөнінен хабарыңыз бар ма?
Қарбыз дәнін майдалап шәй етіп ішуге де болады, сүтке салып ішуге де болады. Ол да бір дәрумен есептеледі. Қарбыздың дәндері, қабығы мен шырынды бөлігі дәрілік мақсатта қолданылады. Шырыны жаздың күні шөл басу үшін де пайдаланылады. Тәтті бөлігі мен шырыны несеп жүргізуге көмектеседі. Қарбыз дәні адамдарды зиянды паразиттерден құтқарады. Ол үшін оны жылы сүтке салып, араластырып бір апта таңертең және кешке ішу керек. Дәннің құрамындағы цитруллин антиоксидант секілді қызмет етеді. Себебі қан тамырларын кеңейтіп, артериялық қысымды төмендетуге көмектеседі. Ғалымдардың айтуынша, қарбыз дәні бүйрекке де өте пайдалы. Сонымен қатар есте сақтау қабілетін де арттырады. Дәнде А, В, С дәрумендері, темір, магний, марганец, кальций және тағы басқа элементтер бар. Қарбыз дәнінен шай дайындаудың жолы: 4 ас қасық ұнтақталған қарбыз дәнін алып, үстіне 2 литр су құйып, 15 минут қайнатыңыз. Сол шайды екі күн ішіп, екі аптадан соң қайталауыңызға болады. Алайда бір ескеретін жайт, қарбыз тап-таза болу керек. Сондықтан өз аулаңызда өсіргеніңіз дұрыс.


19 маусым 2020 ж. 896 0