№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өнегелі іс – өміршең

Өнегелі іс – өміршең

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеясын жаңғыртқан игілікті шараға куә болдық. Яғни «Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында А.Романов атындағы №53 мектепті 1981 жылы бітірген түлектер ауылдық кітапханада коворкинг орталығын ашты.

1964 жылы туған сыныптастар арасынан ғалым да, жазушы да, мұғалім де, дәрігер де, бапкер де, кәсіпкер де шыққан, бәрі өмірден өз орынын тапқан айтулы азаматтар.
Өнген, өскен бір кластың түлектері өрелі жолдарын баяндайтын «Көңілден кетпес жылдар, тағылымнан тұнған сырлар» атты кітап шығарыпты.
Алдымен осы кітаптың тұсауы кесілді.
Танымдық-деректік жинақты ғалым Болат Қорғанбеков пен жазушы-журналист Берік Бейсенұлы құрастырыпты. Қос қаламгердің қолы тиген кітаптың мазмұнды болуы заңдылық қой.
Төменарық аумағының шежірелі тарихын архивтік деректермен байытып, ел аузындағы әңгімелермен өрбітеді. Одан кейін ескірмейтін естеліктер бөлімінде бір класта оқыған тәлімгерлердің болмыс-бітімі, қабілет-қасиеті, мақсат-мұраты туралы ақпарат аласыз. Балалық шақтағы қызыққа тоймас бал күндер, ұстаздар жайлы толғаныс, қызықты оқиғалар мен естеліктер кітаптың мазмұнын байытты. Бәрінен бұрын, мөлтек сырлардан сыныптастар арасындағы сыйластықты білуге болады. 1981 жылдың түлектерінің сурет қорынан сол кездегі адамдардың боямасыз кескінін көріп, мінезін тануға болады.
Қысқасы, кітапты қолға алып, оқу керек.
Кітаптың тұсау кесу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлы мен ұстаз Алтынбай Мұстафаев сөз алды.
– Елдің, жердің тарихы қатталып, келешекке баян етілуі тиіс. Осы тұрғыдан алғанда Болат пен Берік бастаған сыныптастардың ісі ұлағатты, ұғымтал бастама деуге болады. Кітаптан сол кездегі ұстаздардың өнегесі мен өресін оқисыз. Бұл бір жағынан, ұстаздарға сөзбен ескерткіш тұрғызу. Мұндай өнегелі іс өміршең болады, – деді білікті педагог.
Одан кейін ауылдық кітапханада коворкинг орталығы ашылды.
Заманауи орталықтың ашылуына Әбдіғабит Әбләзімұлы, Берік Бейсенұлы, Әбдіхан Ибашұлы, Серікхан Оразбекұлы, Болат Ортайұлы, Алтынбек Әбдрашитұлы демеушілік жасапты.
Жазушы Ә.Кекілбаевша айтқанда, адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана. Өркениетті қоғам ретінде осыны мойындайтын болсақ, коворкинг орталықтың маңызын кәдімгідей сезінеміз, демек, 1981 жылғы түлектердің бастамасы уақыт тұрғысынан алғанда – тұғырлы, келешек келбетімен қарағанда – өміршең іс. Міне, келешекті ойлайтын азаматтар осындай игілікті іске мойын бұруы тиіс.
Өйткені ағартушы, жазушы Василий Сухомлинский айтқандай, кітап – құдіретті қару. Оны өз игілігіне пайдаланбаған ұлт өркениет көшіне ілесуі қиын.
Айтқандай, Бәкең өзінің жеке кітапхана қорындағы 70-тен аса кітапты ауыл кітапханасына тарту етті. Сөйтіп тағылым тамшысын тамызды. Біз мұны өзімізге үлгі еттік.
Елге белгілі қаламгер өзінің фейсбуктегі аккунтында:
– Ауылда 40 жылдан кейін кездестік. Босқа бармадық. Не істейміз, не істеу керек, не істей аламыз? Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылындағы №53 орта мектепті бітірген 1964 жылғы түлектерді ең алдымен осы сауал алаңдатты. Бір-бірін 40 жылдан кейін кездестірген сыныптастар да болды. Бәрін жинадық. 2-3-5 немесе 9 сыныптан болсын, басқа мектепке ауысып кеткендерді де шақырдық. Келді. Қуанды. Көрді.
40 жылдықтар атынан ауыл кітапханасында коворкинг орталығын ашып, жастарына тарту жасадық. Біздің кездесудің ең құнды тұсы осы! – дейді.
Аудандық кітапхананың директоры Әсемгүл Тілеубергенованың сөзінше, әрбір елді мекенде осындай орталықтар ашу міндеті тұр. «Туған жерге туың тігіп!», осындай үлгілі істі жалғастыратын азаматтар болса, қанекей!
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
08 тамыз 2021 ж. 511 0