№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қос кітаптың тұсауы кесілді

Қос кітаптың тұсауы кесілді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру « мақаласының түп негізі ата-бабалар қолымен жасалған құндылықтардың ұрпақ жадында жаңғырып, дәстүр-салт, таным-тәрбиенің қайта түлеуімен асқақ рухымызды арттыруға бағытталған. Көш басындағы елдермен тереземіз тең болу үшін өзгенің қаңсығын емес, өзіміздің таңсығымызды танып, оны мейлінше жас өскін жүрегіне орнықтырғанда ғана Ұлы Даланың санасы сергек, ойы ұшқыр перзенттерін тәрбиелеп шығара аламыз. Екі ауданның мәдениет қызметкерлері қатысуында өткен мазмұнды шараның өнбойынан осындай өнегені танығандай болдық.
Туған жер оқырмандары үшін екі тұғырлы кітаптың тұсауы кесілді. Мазмұнды шараға ұйытқы болған аудандық орталықтандырылған кітапхана басшылығы тұсаукесер рәсімін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мен Мәдениет саласының бірлескен  жобасы «Адалдық алаңы» аясында  аудандық кітапханада жасақталған  «Парасат жолы» орталығында ұйымдастыруды құп көрген екен.
Әдебиетке қатысы бар қоғам мүшелерінің басын бір арнаға тоғыстырған тағылымды шарада  мал шаруашылығы майталманы  Қараман Көшербаев туралы  «Қаратаудың Қараманы» деп аталатын кітап және Қазақстанның Құрметті құрылысшысыСабырхан Тоқымовтың  «Шалқи бер, Шалқия» деп аталатын жаңа кітабының тұсауы кесілді.
Рухани кеш тізгінін қолға алған кітапхана директоры Әсем Тілеубергенова алғашқы сөзді  ұлт мәдениетінің жанашыры , ардагер-ұстаз Зинабдин Шермұхамедұлына берді. Ол аймақ мал шаоуашылығы тарихында анық ізі қалған қаһарман тұлғаның ерлікке пара-пар еңбек жолын  әңгімелеумен қатар кеше өзі аудан идеология саласын басқарған кезеңдері  елге келген талай зиялының  Қаратау баурайындағы Қараманның ақ қанатты құтханасында қонақ болғанын айта келе, бұл кісі еңбектің ері ғана емес, мәрт қасиетімен дараланған даланың нағыз ұлы екендігін ерекше көңіл пейілімен жеткізді. Бұл туралы аталмыш кітаптаАлшынбай Тұртанов ағамыздың «Ағаның үйі ақжайлау» деп әспеттеп естелік жазғанындай , Қараман мен Өзипа шаңырағының «би болмаса да, би түсетін үй болған» үлгілік ғұмырынан оқырман үзік сыр түйсе керек.
Жинақты баспаға дайындап, кітап болып шығуына демеушілік жасаған ел ағасы Мадияр Ахметов сөз алып, еңбек ардагері, жылқы төлін өргізуде облыста бірнеше мәрте чемпион болған Қараман Көшеобаевтың Кеңестік кезеңдері Мәскеуде өткен Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне үш рет қатысқаны туралы айтты. 2007 жылы елімізідлң әр аймақтарынан туыстарының басын қосып,мыңдаған ағайынға ас беруі де оның баяғының мырзаларынан бір кем емес сақылық болмысынамысал болса керек.
 Келесі кітап «Шалқи бер, Шалқия» кітабы жөнінде мағлұмат берген журналист Баян Алеудинқызы аймағымызда резонанс тудырып отырған кітаптың жазылу тарихына тоқталды.
Өткен жылы мамыр айында соңғы нүктесі қойылған кітапты жазуға автор алты жыл уақытын арнапты. Өзінің қырық жылдық еңбек өтілінің он төрт жылында  Шалқия кенішінде инженер-құрылысшы, одан әрі кеніш директорының кеңесшісі болып қызмет атқарған, өндіріс тынысын бес саусағындай жетік білетін маманның зейнетке шыққан соң. тіпті жасының егде тартып қалғанына қарамай үлкен іске тәуекел етуі, сөйтіп өндіріс орнының шежіресін хатқа түзумен қатар онда еңбек еткен кеніштің жұмысшы- қызметкерлерін түгендеу үшін Кентау мен Қызылорданың ортасын жол қылып еңбек адамдарын түгел қамтығаны, өндіріс саласы өкілінің  қолтаңбасы көркем, тілінің шұрайлығы ақсақалдың әдебиеттен мақұрым қалмаған қазақы болмысының айғағы, сондықтан да кітаптың қалың оқырман үшін құнды дүние екндігіне тоқталды.
Кітап авторының кешегі пандемия кезінде  көз жұмып, баспа жүзін көріп үлгірмеген тарихнаманы шығаруға жары Тұрғанкүл апамыз көп еңбек жасап, нәтижесінде кітап 150 данамен жарық көрді. Аймақ үшін маңызы бар кен орны туралы тарихи оқулықтың тиражын ең болмағанда бес жүз, мың данаға арттыру бағытында кен орны өндірісі басшылығы көмек көрсетсе деген базынаны ел жұртшылығы атынан жеткізуді де ұмытпады  
Аталмыш шараға ауданымызда іссапармен жүрген керекулік қонақтар да қатысып, кітаптың лентасын қию құрметіне аудандық ардагерлер кеңесінің құрметті төрағасы Зинабдин Шермұхамедұлы мен қадірлі мейман, Успен ауданы мәдениет бөлімінң басшысы Медет Тауасар ие болды.
  
Баян Үсейінова
06 шілде 2021 ж. 1 150 0