№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » COVID-19: төртінші толқын басталды ма?

COVID-19: төртінші толқын басталды ма?


Осы сұрақты көршім қойды. Дәйегін анықтап, мардымды жауап беру үшін ізденген едім, төртінші толқыны кәдімгідей басталғанын сезіне түстім. Қазір елдегі өңірлер қызыл түске боялды. Үнді штамымен байланысты таралып жатқан вирусты жұқтырғандар саны сағат сайын өсіп, антирекордтық көрсеткіш көрсетті.


Елде төртінші толқынның құрсауында Алматы қаласы қалды. Мұнда соңғы екі аптада коронавирус 2,1 есеге өсті. Мұның себебі – британдық штамға үнді штаммы қосылды. Өткен тәулікте елде 535906 вирус жұқтырғандар болса, оның 168-і қызылордалық, 48-і жаңақорғандық азамат.
Қауіпті індетті жұқтырып, ауыр жағдайда түскен бір жерлесімізді жер қойнына тапсырдық. Бұл туралы аудандық аурухананың бас дәрігері Яхия Шорабеков растады.
– Соңғы аптада аудан тұрғындары арасында жұқпалы індет тез таралуда. Аудандық ауруханада 48 науқас тіркелді, оның 33-і жұқпалы аурулар бөлімінде, тоғызы үй жағдайында қадағалауда, қалған науқас облыстық ауруханада ем қабылдауда, – деді бас дәрігер.
Әлемнің 34 елінде анықталған қауіпті толқын анықталды. Әсіресе, Кәрі Құрлықта жағдай тұрақталмай тұр. Францияда адамдар ауруханаға сыймай, эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті. Олимпиада ойындары өтіп жатқан Токиоға да қауіп төніп тұр. Осыған байланысты спортшылар белгілі мекен-жайдан ешқайда шығарылмайды. Ережені бұзған азаматты еліне қайтарып, спорттық сайысқа мүлдем қатыспайтындай сөгіс беріледі. Әкімшілік жаза туралы Олимпиадаға қатысушы спортшылармен келісім-шарт жасалған екен. Тіпті салтанатты ашылу кешіне қызыл аймаққа енген елдің спортшылары мүлдем қатыстырылмады.
Төртінші толқын Араб елдерінде де байқала бастады. Мәселең, Иран елінің 2 үлкен провинциясында төртінші толқынның дүмпуі жүруде. Халықтың тең жартысы індетке іліккен. Бұл туралы Al Jazeera агенттігі мәлімдеме жасап, әлемнің назарын аударуда. Аурудың өршуі Иранның ұлттық мерекесі Наурызды тойлауға келген туристердің көптігінен жергілікті халыққа індет жұққан. Осыдан кейін індет тез тарап, өлім-жітім көбейген.
Біздің елде індеттің мутацияланған барлық түрлері тіркелді. Британдық, үнділік, оңтүстік америкалық және ирландиялық штамм жан-жаққа саяхаттап келген тұрғындардан анықталуда.
Індеттің таралу аумағына мән берсек, вакцинаны неғұрлым көп қабылдаған елдер қауіпті толқыннан дін аман. Сондықтан жақынымыз бен өз денсаулығымыз үшін вакцина алудың маңызын түсінгеніміз абзал.

Мақпал ПАТЕНОВА
28 шілде 2021 ж. 460 0